Техникалық Қызмет Көрсету - Makita BO5030 Instruction Manual

Random orbit sander
Hide thumbs Also See for BO5030:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Сүзгіш қағаз қапшығын орнату
► Сурет11: 1. Ұстағыш
Картон жиегіндегі логотип пен шаң қорабындағы
логотиптің бір жақта орналасуын тексеріңіз, содан
кейін картон жиегін әрбір ұстағыштың ойығына
сәйкестендіру арқылы сүзгіш қағаз қапшығын
орнатыңыз.
► Сурет12: 1. Шаң қорабы 2. Шаң жүретін мойын
Картон жиегіндегі логотип пен шаң жүретін
мойындағы логотиптің бір жақта орналасуын
тексеріңіз, содан кейін шаң жүретін мойынды шаң
қорабына орнатыңыз.
Шаң қорабын және сүзгіш қағаз
қапшығын алып тастау
► Сурет13: 1. Ысырма 2. Шаң жүретін мойын
Екі ысырманы басу арқылы шаң жүретін мойынды
шығарып алыңыз.
► Сурет14
Алдымен сүзгіш қағаз қапшығын картон жиегінің
логотип белгіленген жағын қысу арқылы
жылжытыңыз, содан кейін оны шаң қорабының
ұстағышынан шығарып алу үшін картон жиегін төмен
қарай тартыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Ажарлау жұмыстары
► Сурет15
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрал өңделетін бөлшекпен жанасқан кезде,
оны іске қосуға болмайды, себебі операторды
жарақаттауы мүмкін.
Құралды ысқыш дискісіз ешқашан
пайдаланбаңыз. Төсемді қатты
зақымдауыңыз мүмкін.
Құралға ешқашан күш түсірмеңіз. Шамадан
тыс қысым ажарлау тиімділігін төмендетуі,
ысқыш дискіні зақымдауы немесе құралдың
қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін.
Төсем шетін өңделетін бөлшекпен
жанастырып құралды пайдалану төсемді
зақымдауы мүмкін.
Құралды мықтап ұстаңыз. Құралды іске қосыңыз
және ол толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз.
Содан кейін құралды өңделетін бөлшектің бетіне
мұқият орналастырыңыз. Төсемді өңделетін
бөлшекпен беттестіріп ұстаңыз және құралға аздап
қысым түсіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ажарлағыш төсем жүктемемен жұмыс
істегенде, сағат тілі бағытымен айналады,
бірақ жүктемесіз жұмыс істегенде, сағат
тіліне қарсы бағытта айналуы мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде
түссіздену, құрал пішінінің өзгеруі немесе
жарықтар пайда болуы мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстары, графитті
қылшақты тексеру және алмастыру, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
жұмыстары Makita компаниясының өкілетті қызмет
көрсету орталықтары тарапынан (Makita қосалқы
бөлшектерін қолдана отырып) орындалуы керек.
ҚОСЫМША
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұл керек-жарақтар мен қондырмаларды осы
нұсқаулықта көрсетілген Makita құралымен
бірге пайдаланған дұрыс. Басқа керек-
жарақтар мен қондырмаларды пайдалану
адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін.
Керек-жарақты немесе қондырманы тек
мақсатына сәйкес пайдаланыңыз.
Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу
үшін жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ысқыш дискілер
Қағаз шаң қапшығы
Қағаз шаң қапшығының ұстағышы
Шаң қорабы
Сүзгіш қағаз қапшығы
ЕСКЕРТПЕ:
Тізімдегі кейбір элементтер стандартты
керек-жарақтар ретінде құралдың
қаптамасында болуы мүмкін. Олар әр елде
әртүрлі болуы мүмкін.
19 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bo5031

Table of Contents