Makita BO3710 Instruction Manual page 17

Hide thumbs Also See for BO3710:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Құрал пайдаланушылары мен жұмыс
аймағындағы басқа да тұлғалардың
тиісті қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс
берушінің жауапкершілігінде.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
1.
Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
2.
Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал
қауіп көндіреді және оны жөндеу керек.
3.
Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электрлік құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе аккумулятор блогы бар болса,
оны шығарып алыңыз. Осындай алдын алу
шаралары электрлік құралдың кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
Электрлік құралдарды балалардың қолы
4.
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы оқытудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
5.
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы және оралуы,
зақымдалған бөлшектер және электрлік
құралдың жұмысына кері әсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы
болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі
электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет
көрсетілмеу себебінен болады.
6.
Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және сол себепті оларды басқару да оңайырақ
етеді.
7.
Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8.
Тұтқалардың және жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза және майлы
болмауын қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар және
қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген
жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және
оған ие болу мүмкін болмайды.
9.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс
қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған
қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге
ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
2.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
АЖАРЛАҒЫШ МАШИНА ҚАУІПСІЗДІГІ
БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР
1.
Әрдайым қауіпсіздік көзілдірігін немесе
қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.
Қарапайым көзілдірік немесе күннен
қорғайтын көзілдірік қорғаныс көзілдірігі
болып ТАБЫЛМАЙДЫ.
2.
Құралды мықтап ұстаңыз.
3.
Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
4.
Құралдың су өткізбейтін қасиеті жоқ,
сондықтан өңделетін бетке су тигізбеңіз.
5.
Ажарлау жұмыстарын орындаған кезде
жұмыс аймағын жақсылап желдетіңіз.
Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
6.
химиялық заттар бар. Шаң жұтпаңыз және
теріге тигізбеңіз. Материал жеткізушісінің
қауіпсіздік туралы деректерін қараңыз.
7.
Бұл құралды кейбір өнімдерді, бояуларды
және ағашты ажарлау үшін пайдаланған
кезде пайдаланушы қауіпті заттардан
тұратын шаңның астында қалуы мүмкін.
Тыныс алу жолдарын қорғайтын тиісті
құралдарды пайдаланыңыз.
8.
Пайдаланар алдында төсемде жарықтардың
немесе сынған жерлердің жоқ екеніне көз
жеткізіңіз. Жарықтар немесе сынықтар
жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді әбден
пайдаланып үйренген (қайталап
пайдаланғанның нәтижесінде) болсаңыз
да, осы өнімді қолдану кезінде
қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде САҚТАУ ҚАЖЕТ. Осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта келтірілген
қауіпсіздік ережелерін ДҰРЫС
ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау ауыр
жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
17 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bo3711

Table of Contents