Makita BO3710 Instruction Manual page 18

Hide thumbs Also See for BO3710:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемей және
тексермей тұрып, оның өшірулі екеніне
және токтан ажыратылғанына әрдайым көз
жеткізіңіз.
Ауыстырып-қосқыш жұмысы
► Сурет1: 1. Құлыптау түймесі 2. Ауыстырып-
қосқыш шүріппесі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қоспас бұрын, әрдайым ауыстырып-
қосқыш шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына және босатылған кезде "ӨШІРУЛІ"
күйіне қайтарылатынына әрқашан көз
жеткізіп тұрыңыз.
Құралды іске қосу үшін жай ғана ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартыңыз. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс істеу үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып, құлыптау түймесін басыңыз.
Құралды құлыпталған күйден шығару үшін,
ауыстырып-қосқыш шүріппесін толығымен тартып,
босатыңыз.
Жылдамдық реттегіш дөңгелек
Тек BO3711 үшін
► Сурет2: 1. Жылдамдық реттегіш дөңгелек
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрал үздіксіз төмен жылдамдықта жұмыс
істесе, мотор шамадан тыс жүктеліп, қызып
кетеді.
Жылдамдық реттегіш дөңгелегін 5 және
1 сандары аралығында бұрауға болады.
Дөңгелекті 5 немесе 1 санынан асыруға
тырыспаңыз, әйтпесе жылдамдық реттегіш
функциясы істен шығуы мүмкін.
Құралдың жылдамдығын минутына 4 000 және
11 000 айналым ауқымында 1-5 аралығында
белгіленген жылдамдық реттегіш дөңгелекті бұрау
арқылы реттеуге болады. Реттегіш дөңгелекті 5
бағытына бұраған кезде жылдамдық жоғарылайды,
ал 1 бағытына бұраған кезде – төмендейді. Жұмыс
түріне сай құрал жылдамдығын реттеңіз.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Ысқыш қағазды орнату немесе
алып тастау
Алдын ала тесілген саңылаулары
бар ысқыш қағаздың қалыпты түрі
үшін (стандартты жабдық):
► Сурет3
Қысқыш тетікті (суреттегі 1 саны) басып тұрып, құралға қарай
(суреттегі 2 саны) сырғытыңыз, қысқыш босап шығады.
Қағаз жиегін қағаздағы және төсемдегі саңылауларды туралау
арқылы қысқыш пен төсем арасына енгізіңіз. Содан кейін
қысқыш тетігін бекіту үшін бастапқы орнына қайтарыңыз.
Екінші қысқыш тетігін осы процедураны қайталау
арқылы босатыңыз.
Тиісті керілісті орнату үшін ысқыш қағазды тарта отырып,
ысқыш қағаздың екінші шетін екінші қысқыш пен төсем
арасына енгізіп, қысқыш тетікті бастапқы орнына қайтарыңыз.
Қағазды алып тастау үшін қысқышты жоғарыда
көрсетілгендей босатыңыз.
Алдын ала тесілген саңылаулары
жоқ ысқыш қағаздың қалыпты түрі
үшін (сатылымда бар):
► Сурет4: 1. Тескіш пластина 2. Алдын ала
тесілген саңылаулары жоқ ысқыш қағаз
Қысқыш тетікті (1) басып тұрып, құралға қарай (2)
сырғытыңыз, қысқыш босап шығады.
Қағаз жиектерін табан бүйірлерімен біркелкі және параллель
етіп, қағаз жиегін қысқыш пен төсем арасына енгізіңіз. Содан
кейін қысқыш тетігін бекіту үшін бастапқы орнына қайтарыңыз.
Екінші қысқыш тетігін осы процедураны қайталау
арқылы босатыңыз.
Тиісті керілісті орнату үшін ысқыш қағазды тарта отырып,
ысқыш қағаздың екінші шетін екінші қысқыш пен төсем арасына
енгізіп, қағаз қысқыш тетікті бастапқы орнына қайтарыңыз.
Тескіш пластинаның (қосымша керек-жарақ) бағыттауышы
табан бүйірлерімен беттесетіндей, тескіш пластинаны
қағазға орналастырыңыз. Содан кейін қағазда саңылаулар
жасау үшін тескіш пластинаны басыңыз.
Қағазды алып тастау үшін қысқышты жоғарыда
көрсетілгендей босатыңыз.
Алдын ала тесілген саңылаулары бар
ысқыш қағаздың жабысқақ ілмек түрі
үшін (қосымша керек-жарақ):
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ысқыш қағаздардың әрдайым жабысқақ
ілмек түрін пайдаланыңыз. Қысымға сезімтал
ысқыш қағазды пайдаланбаңыз.
► Сурет5: 1. Бұрама шегені бұрағыш 2. Бұранда
Ысқыш қағаздың қалыпты түріне арналған төсемді бұрама
шегені бұрағыш көмегімен құралдан алып тастаңыз.
Ысқыш қағаздың жабысқақ ілмек түріне (қосымша керек-
жарақ) арналған төсемді құралға орнатыңыз. Төсемді
бекіту үшін бұрандаларды мықтап бұраңыз.
► Сурет6: 1. Ысқыш қағаз 2. Төсем
Төсемдегі барлық кір мен бөгде нысандарды алып
тастаңыз. Қағаздағы және төсемдегі саңылауларды
туралау арқылы қағазды төсемге бекітіңіз.
18 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bo3711

Table of Contents