Makita DCX201 Instruction Manual page 150

Battery heated base layer shirt
Hide thumbs Also See for DCX201:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.
Лас немесе қараңғы аймақтар жазатайым
оқиғалар қаупін арттырады.
Электрлік қауіпсіздік
Құрылғыны жаңбырдың астына немесе
ылғалды жерлерге қоймаңыз. Құрылғыға су
кіретін болса, ток соғу қаупі артады.
Қуат сымын мақсатына сай пайдаланыңыз.
Құрылғыны қуат сымынан ұстап тасуға,
тартуға немесе қуат көзінен ажыратуға
мүлде болмайды. Қуат сымына ыстық зат,
май, үшкір қырлар тимеуі керек.
Қуат көзін USB портына қоспаңыз. Олай
жасамаған жағдайда, өрт шығу қаупі бар.
USB порты тек төмен кернеулі құрылғыны
зарядтауға арналған.
Төмен кернеулі құрылғыны зарядтамаған
кезде, USB портына әрдайым қақпақ жауып
қойыңыз.
USB құрылғысын енгізетін портқа тырнақ,
сым, т.б. заттарды салмаңыз. Әйтпесе қысқа
тұйықталу түтін мен өрттің шығуына себеп
болуы мүмкін.
Шнур мен аккумуляторды дымқыл немесе
лас қолмен ұстамаңыз.
Сымы немесе штепселі зақымдалған
құрылғыны мүлде пайдаланбаңыз.
Әрдайым Makita компаниясы көрсеткен
аккумулятор ұстағышын пайдаланыңыз.
Аккумулятордан қуат беріліп жатқан кезде
шнурды ажыратулы күйде қалдырмаңыз.
Кішкентай балалар ток көзіне қосулы ашаны
ауыздарына салып, жарақат алуы мүмкін.
Аккумулятор ұстағышының штепселін
Makita компаниясы көрсеткеннен басқа
құрылғыларға жалғауға болмайды.
Жөндеу жұмыстарын білікті маман тек тиісті
қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып
орындауы тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Құрылғыны немесе аккумулятор
жинағын пайдалану және күтім көрсету
нұсқауларында сипатталғаннан басқа
жолмен өзгертуге немесе жөндеуге әрекет
етпеңіз.
Жеке қауіпсіздік
Құрылғыны пайдаланған кезде, жасап
жатқан жұмысыңызға қырағылық танытып,
абай болыңыз. Шаршап тұрғанда, не
болмаса есірткі, алкоголь немесе дәрі-
дәрмек әсер етіп тұрғанда, құрылғыны
пайдалануға болмайды. Құрылғыны
пайдаланған кездегі сәл ғана абайсыздық
салдарынан ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
Иілгіш жылыту құрылғыларын пайдалану және
олардың күтімі
Ауыстырғышы арқылы қосылмайтын
және өшірілмейтін құрылғыны
пайдалануға болмайды. Ауыстырғышымен
басқарылмайтын кез келген құрылғы қауіпті
болып табылады және жөнделуі тиіс.
Құрылғының техникалық күтімін жасаңыз.
Сынған бөлшектердің және пайдалануға
теріс әсер ететін басқа жағдайлардың
бар-жоғын тексеріңіз. Зақымдалған
болса, құрылғыны жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз.
Құрылғыны жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Құрылғыны басқа мақсаттағы жұмыстарға
пайдалану салдарынан қауіпті жағдай
туындауы мүмкін.
Сақтандырғыштың балқитын ендірмесі
үзіліп қалған болса, құрылғыны өкілетті
сервистік орталығымызға қайтарып
жөндетіңіз.
Құрылғыны бүктелген күйде пайдалануға
болмайды. Құралды сығуға болмайды.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қаупін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
4.
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
150 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dcx200Dcx200bm

Table of Contents