Makita DCX201 Instruction Manual page 147

Battery heated base layer shirt
Hide thumbs Also See for DCX201:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
Маңызды нұсқаулар. Болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Еуропадағы пайдаланушылар: 8 жасқа толған балалар және физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдар бұл құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар алып, бақыланған және қауіп-қатерді түсінген жағдайда, олар
құрылғыны пайдалана алады. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Тазалау және
техникалық күтім жұмыстарын балалар ересектердің бақылауынсыз орындай алмайды.
Еуропадан басқа аймақтардағы пайдаланушылар: Физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (соның ішінде балалар)
қауіпсіздігіне жауапты адам бақылап тұрмаса немесе құралды пайдалану бойынша нұсқау
бермесе, бұл құрылғы ондай адамдарға арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауын
қадағалау қажет.
Аккумулятордың түрін "ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ" бөлімінен қараңыз.
Аккумуляторды орнату немесе шығару жолын "Аккумулятор картриджін орнату немесе алу"
бөлімінен қараңыз.
Аккумулятор картриджін қоқысқа тастаған кезде, оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерге
тастаңыз. Аккумуляторды қоқысқа тастау туралы жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Құрал ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, құралдағы аккумуляторды алып тастау қажет.
Аккумулятор картриджін тұйықтамаңыз.
Пайдаланушы техникалық күтім жасаған кездегі сақтық шаралары туралы тиісті мәліметті
"ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ" бөлімінен қараңыз.
Иілгіш жылыту құрылғылары
Пайдаланбайтын уақытта, былай сақтаңыз:
Құрылғыны бүктеуден бұрын суытып алыңыз.
Сақтаған кезде үстіне заттар қойып, құрылғының мыжылуына жол бермеңіз.
Құрылғыда тозу мен зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жиі тексеріп тұрыңыз. Ондай белгілер
бар болса, құрылғы қате пайдаланылса немесе жұмыс істемесе, қайта қосар алдында оны жеткізушіге
қайтарыңыз.
Құрылғы ауруханаларда медициналық мақсаттарда пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғыны жылуды сезбейтін және қызу әсеріне ұшыраған кезде әрекет ете алмайтын
адамдар пайдаланбауы тиіс.
Үш жасқа толмаған балалар қызуға қарсы әрекет ете алмайды, сондықтан бұл құрылғыны оларға
пайдалануға болмайды.
Ата-анасы немесе қамқоршысы басқару элементтерін алдын ала орнатпаған болса немесе балаға
құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы тиісті нұсқаулар берілмеген болса, үш жастан асқан
балаларға құрылғыны пайдалануға болмайды.
Жуған кезде су кіріп кетпеуі үшін ауыстырғыш пен кабельде жарылған жерлердің бар-жоғын
тексеріңіз, ал кептірген кезде, кабельді ауыстырғышқа немесе басқару блогына су кірмейтіндей
етіп орналастыру қажет.
Осы құрылғыны пайдаланғанда, сізде төменде көрсетілген симптомдар байқалса, оны дереу
шешіп, дәрігерге қаралыңыз. Әйтпесе жылу әсерінен қалжырау немесе ыстық өту қаупі туындайды.
Алғашқы белгілері:
Жайсыздық, шамадан тыс тершеңдік; мойынның ауыруы; жүрек айнуы; бас айналу немесе ұйқышылдық.
Жылу әсерінен қалжырау/ыстық өту симптомдары:
Жүрек айнуы және лоқсу; бастың солқылдап ауыруы; бас айналу және ұйқышылдық; тердің болмауы; терінің
қызаруы, ыстық болуы және құрғауы; бұлшық еттің әлсіреуі мен тырысуы; жүрек соғысының жиілеуі; жылдам әрі жиі
тыныс алу; абыржу, бағыттың бұзылуы немесе теңселу сияқты жүріс-тұрыстың өзгеруі; естен тану.
147 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dcx200Dcx200bm

Table of Contents