Makita SP6000 Instruction Manual page 28

Plunge cut circular saw
Hide thumbs Also See for SP6000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

4.
Ара табанының басым бөлігін кесілгеннен
кейін құлап кететін жерге емес, берік
бекітілген өңделетін бөлшек жағына
қойыңыз. Өңделетін бөлшек қысқа немесе
шағын болса, онда оны төмен қарай
бекітіңіз. ҚЫСҚА БӨЛШЕКТЕРДІ ҚОЛМЕН
ҰСТАМАҢЫЗ!
► Сурет5
5.
Кесіп болғаннан кейін құралды қоймай
тұрып, сақтандырғыштың жабық болуына
және жүзінің толық тоқтауына көз жеткізіңіз.
6.
Дискілі араны ешқашан төңкеріп ұстап
кеспеңіз. Бұл өте қауіпті және ауыр
жағдайларға әкелуі мүмкін.
► Сурет6
7.
Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаң жұтпаңыз және
теріге тигізбеңіз. Материал жеткізушісінің
қауіпсіздік туралы деректерін қараңыз.
Ара жүзін бүйірінен қысым түсіру арқылы
8.
тоқтатпаңыз.
9.
Ешқандай абразивті дөңгелектерді
пайдаланбаңыз.
10. Ара жүзін құралда белгіленген немесе
нұсқаулықта көрсетілген диаметрмен ғана
пайдаланыңыз. Өлшемі сай келмейтін жүзді
пайдалану жүзді тиісті түрде сақтандыруға
немесе сақтандырғыштың жұмыс істеуіне
кері әсер етуі мүмкін, нәтижесінде ауыр дене
жарақатының пайда болуы ықтимал.
11.
Жүзді өткірлеп және тазалап тұрыңыз.
Жүздегі қатып қалған шайыр мен ағаш
шайыры араны баяулатады және кері соққы
ықтималдығын арттырады. Алдымен ара
жүзін құралдан алып тастаңыз, сосын оны
шайыр кетіргішпен, ыстық сумен немесе
керосинмен тазалаңыз. Ешқашан жанармайды
пайдаланбаңыз.
12. Құралды пайдаланғанда шаңнан қорғайтын
маска және құлаққа арналған қорғаныш
құралын киіп алыңыз.
13. Әрдайым кесілетін материалға арналған ара
жүзін пайдаланыңыз.
14. Құралда белгіленген жылдамдыққа тең
немесе одан жоғары жылдамдықпен
белгіленген ара жүздерін ғана
пайдаланыңыз.
15. (Тек Еуропа елдері үшін)
Әрқашан EN847-1 стандартына сәйкес
келетін жүзді пайдаланыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемей және
тексермей тұрып оның өшірулі екеніне
және токтан ажыратылғанына әрдайым көз
жеткізіңіз.
Кесу тереңдігін реттеу
► Сурет7: 1. Бекіткіш бұранда 2. Араның төменгі
шегін тоқтатқыш
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Кесу тереңдігін реттегеннен кейін әрдайым
бекіткіш бұранданы мықтап бекітіңіз.
Тереңдік сақтандырғышындағы қысқыш бұранданы
босатып, араның төменгі шегін тоқтатқышты шкала
тақтасындағы қажетті тереңдікке жылжытыңыз.
Қажетті кесу тереңдігінде қысқыш бұранданы мықтап
бекемдеңіз.
Таза әрі қауіпсіз түрде кесу үшін өңдеу бөлшегі
астынан ара жүзінің бір ғана тісі өтетіндей етіп кесу
тереңдігін орнатыңыз. Тиісті кесу тереңдігін қолдану
дене жарақатына себеп болатын қауіпті КЕРІ СОҚҚЫ
ықтималдылығын азайтады.
ЕСКЕРТПЕ:
Шкала тақтасында араның төменгі шегін
тоқтатқышты қажетті тереңдікке орнату
дәл емес кесу тереңдігін береді. Дәл кесу
тереңдігі үшін құрал табаны астындағы ара
жүзінің нақты шығысын өлшеңіз.
Шынжырлы ара шинасын (керек-
жарақ) пайдаланған кезде 2-3 мм
кесу тереңдігіне арналған жылдам
тоқтату түймесі
► Сурет8: 1. Жылдам тоқтату түймесі
Бұл құралда шынжырлы ара шинасын пайдаланған
кезде артқы тұтқаға қарсы беріліс корпусындағы
2-3 мм кесу тереңдігіне арналған жылдам тоқтату
түймесі бар. Бұл, қимадағы жұмыс бөлігінде бөліну
жағдайын болдырмаған кезде қолданылады. 2-3 мм
алғашқы кесуді басып, қолданбалы кесуді басқаша
өткізіңіз.
2-3 мм кесу тереңдігіне қол жеткізу үшін ара
жүзіндегі тоқтату түймесін басыңыз. Бұл жұмыс
бөлігіндегі бөліну жағдайына қолайлы.
Еркін кесу тереңдігі үшін кесу тереңдігіне осы
орыннан босату үшін түймені кері тартыңыз.
► Сурет9: 1. Жылдам тоқтату түймесі
28 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents