Makita DKT360 Instruction Manual page 80

Hide thumbs Also See for DKT360:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер
көрсетілген. Пайдалану алдында олардың
мағынасын түсініп алыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Ескерту: Беті ыстық. Күйік шалу қаупі
бар. Суығанша қол тигізбеңіз.
Тек ЕО елдеріне арналған
Ni-MH
Жабдықта қауіпті құрамдастардың
Li-ion
болуына байланысты, электрлік
және электрондық жабдықтардың,
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Электрлік және электрондық
құрылғыларды немесе батареяларды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
болмайды!
Электрлік және электрондық
жабдықтардың қалдықтары және
аккумуляторлар мен батареялар және
аккумуляторлар мен батареялардың
қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық
заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық
директиваға сәйкес, электрлік
жабдықтардың, батареялардың және
аккумуляторлардың қалдықтары бөлек
жиналуы және қоршаған ортаны қорғау
ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін
тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне
жеткізілуі керек.
Бұл жабдыққа орналастырылған айқас
сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс
жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі.
Тек ЕО елдері үшін
Осы өнімді тиісінше кәдеге жарату
Бұл белгі осы өнімді ЕО аумағында
басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге
кәдеге жаратуға болмайтындығын
көрсетеді. Қоршаған ортаға немесе адам
денсаулығына қалдықтарды бақылаусыз
жоюдан болатын ықтимал зиянды
болдырмау мақсатында материалдық
ресурстарды тұрақты қайта пайдалануға
ықпал ету үшін оларды жауапты
түрде қайта өңдеңіз. Пайдаланылған
құрылғыны қайтару үшін қайтару
және жинау жүйелерін пайдаланыңыз
немесе өнім сатып алынған сатушыға
хабарласыңыз. Олар бұл өнімді экология
үшін қауіпсіз қайта өңдеу мақсатында
қабылдауы мүмкін.
Жабдықта қауіпті құрамдастардың
болуына байланысты пайдаланылатын
электрлік және электрондық
жабдықтар қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қолдану мақсаты
Құрылғы су қайнатуға арналған.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Аккумуляторлы шайнекке
қатысты қауіпсіздік ескертулері
ЕСКЕРТУ:
МАҢЫЗДЫ! ПАЙДАЛАНУ
АЛДЫНДА барлық қауіпсіздік ескертулері
мен нұсқауларын МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
Төменде берілген барлық ескертулер мен
нұсқауларды орындамаған жағдайда, электр
тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
1.
Өндіруші мақұлдамаған керек-жарақтарды
пайдаланбаңыз. Әйтпесе күтпеген жағдай
орын алуы мүмкін.
2.
Ыстық беттерге қол тигізбеңіз. Пайдалану
кезінде беттер ыстық болады.
3.
Құрылғыны жылу көздеріне (пеш т.б.)
жақын пайдаланбаңыз.
4.
Құрылғыны тегіс, орнықты бетке қойыңыз.
5.
Қайнау кезінде шүмекті жаппаңыз. Бу шыға
алмай, ақау немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
6.
Құрылғыны тазалау алдында суытыңыз.
Әйтпесе күйіп қалуыңыз мүмкін.
7.
Суы бар құрылғыны жатқызбаңыз. Ағызу
құлпы суды толық тығыздап жаппайды. Ағызу
құлпын қосқан кезде де су төгілуі мүмкін.
Қабырға немесе жиһазға бу тимейтіндей
8.
құрылғыны орналастырыңыз. Нәтижесінде
түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда
болуы мүмкін.
9.
Тек суды қайнатыңыз. Судан басқа сүт, шай
немесе сорпаны және т.б. қайнатпаңыз.
Әйтпесе ішіндегісі шығып кетіп күйдіруі немесе
құрылғы кірлеп немесе ақаулы болуы мүмкін.
10. Судан басқа бөтелке немесе тостағанды
және т.б. сияқты заттарды шайнекке
салмаңыз. Әйтпесе су шығып кетіп жарақатқа
әкелуі мүмкін немесе құрылғы кірлеп немесе
ақаулы болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Өнімді қайта пайдалану
барысында САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАЙ,
қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз. Осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген
қауіпсіздік ережелерін ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ
немесе орындамау ауыр жарақаттарға әкеп
соқтыруы мүмкін.
80 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents