Makita DKT360 Instruction Manual page 78

Hide thumbs Also See for DKT360:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
Еуропадағы пайдаланушылар үшін:
бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалардың оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқаулар беріліп, бақыланған және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалануына
болады. Балалар 8 жастан аспаған болса және бақылауда болмаса оларға тазалауға және
техникалық қызмет көрсетуге тыйым салынады. Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған
балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Құрылғыларды физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен
білімі жетіспейтін адамдардың оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар беріліп,
бақыланған және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалануына болады.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз.
Еуропадан басқа аймақтардағы пайдаланушылар үшін:
бұл құрылғы олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны пайдалану бойынша қадағалау
жүргізіп, нұсқаулар бермейінше дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі, сондай-ақ
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғаларға (соның ішінде балаларға) пайдалануға арналмаған.
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсеткен кездегі сақтық шаралары туралы тиісті мәліметті
алу үшін "ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ" бөлімін қараңыз.
Аккумулятордың түрі туралы анықтаманы "ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР" бөлімінен қараңыз.
Аккумуляторды шығарып алу немесе орнату жолын "Аккумулятор картриджін орнату немесе
алу" бөлімінен қараңыз.
Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде
кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жергілікті ережелерді орындаңыз.
Егер құрал ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, құралдағы аккумуляторды алып тастау
керек.
Аккумулятор картриджін тұйықтамаңыз.
Осы құрылғы тұрмыста және келесідей ұқсас орындарда пайдалануға арналған:
дүкендер, кеңселер және басқа жұмыс орындарының қызметкерлерге арналған ас үй
бөлмелері;
шаруа үйлері;
қонақүй, мотель және басқа тұруға арналған орындардың клиенттері үшін;
шағын қонақүйлер.
Өрттен және электр тогының соғуынан қорғану үшін құрылғыны және аккумуляторды су немесе
басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
Құрылғыны шамадан тыс сумен толтырмаңыз. Қайнаған су шығып, күйдіруі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: су қайнап тұрған кезде қақпақты алмаңыз.
Бұл аккумулятормен жұмыс істейтін құрылғы, аккумулятор құрылғыдан тыс зарядталады.
Зарядтау алдында қайта зарядталатын аккумуляторларды құрылғыдан алу қажет.
Аккумуляторларды дұрыс полярлығымен салу керек.
Тозған аккумуляторларды құрылғыдан алып, оларды қауіпсіз түрде кәдеге жарату қажет.
Қуат көзі жалғағыштарына немесе аккумулятор клеммаларына су төгіп алмаңыз.
Бұл құрылғы суды қайнатуға арналған шәйнек, сондықтан оны дұрыс пайдаланбау жарақатқа
әкелуі мүмкін.
78 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents