Makita DC40RA Instruction Manual page 76

Fast charger
Hide thumbs Also See for DC40RA:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қабырғаға бекіту
ЕСКЕРТУ:
Зарядтау құрылғысын қабырғаға екі бұрандамен іліп, басқа бұрандамен бекітіңіз.
Әйтпесе зарядтау құрылғысы құлап, ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Қабырғаға бекіту жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым зарядтау құрылғысының
ажыратылғандығына және зарядтау құрылғысынан аккумулятордың алынғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Осы нұсқаулықта берілген қадамдарды орындаңыз және барлық процедураларды
бірден орындаңыз. Егер жұмысты жартылай аяқталған күйінде тоқтатсаңыз, зарядтау құрылғысы
құлап, жарақаттауы немесе зақымдалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Бұрандалардың мықтап бұралғанын мерзімді түрде тексеріп отырыңыз. Әйтпесе
бұрандалар босап, зарядтау құрылғысы құлап қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Зарядтау құрылғысының клемма бөліктерін тұрақты түрде шаң сүрткіш, т.б. арқылы
тазалаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнықты болуы керек. Бекіту және зарядтау жұмыстарына кедергі жоқтығына көз жеткізіңіз.
Зарядтау құрылғысы мен аккумулятордың жалпы салмағы — шамамен 2,1 кг (4,6 фунт). Қажет
болса, қабырғаға сәйкес арматура орнатыңыз.
Зарядтау құрылғысын қабырғаға бекітуге болады. Суретте көрсетілгендей, зарядтау құрылғысының
айналасында бос орын қалдырыңыз.
► Сурет4
ЕСКЕРТПЕ: Дайындау қажет заттар:
Екі бұранда - зарядтау құрылғысын ілу үшін
Бұранда өлшемі: 4,0 мм x 20 мм-ден артық.
Бұранда басының өлшемі: ø9,0 мм-ден аз және қалыңдығы 3,5 мм-ден аз.
Бір бұранда (4,0 мм x 25 мм-ден артық) - зарядтау құрылғысын бекіту үшін.
Құралдар - бұрандаларды бұрау үшін
1.
Қабырғаға ілуге арналған екі бұранданы бекітіңіз.
2.
Зарядтау құрылғысын артындағы ілгегі арқылы қабырғаға іліңіз.
► Сурет5
3.
Зарядтау құрылғысының басындағы бекіткіш бұранданы қысу арқылы зарядтау құрылғысын бекітіңіз.
► Сурет6
Зарядтау құрылғысын бекітетін қабырғаны мұқият таңдаңыз; қабырға
76 ҚАЗАҚША

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

191e07-8

Table of Contents