Bosch GIS 1000 C Professional Original Instructions Manual page 264

Hide thumbs Also See for GIS 1000 C Professional:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
264 | Қaзақша
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
 Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
 Аккумуляторды немесе батареяларды өлшеу
құралымен барлық жұмыстарды (мысалы, орнату,
қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ,
өлшеу құралын тасымалдау және сақтау кезінде
шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию
жарақаттану қауіпін тудырады.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауіпі бар.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз.
 Тек өлшеу құралының зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
1 609 92A 0XP | (17/4/15)
 Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ
және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында
кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын
тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын
Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанар май
бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар
және жарылатын аймақтар жанында
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен
ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Bluetooth® сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер)
бірге Bluetooth SIG, Inc. компаниясының тіркелген
тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы
сөз/сурет белгісін Robert Bosch GmbH арқылы
пайдалану лицензия негізінде орындалады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы беттік температураны, орта
температурасын және салыстырмалы ауа ылғалдылығын
түйіспей өлшеуге арналған. Ол шық жасалу
температурасын есептеп, жылы көпірдің жасалуы мен зең
басуды білдіреді. Өлшеу құралымен зең спораларын
айқындау мүмкін емес. Бірақ бұл зең споралары
жасалатын шарттарды алдын-ала айқындауға
көмектеседі.
Өлшеу құралын адамдар, хайуандар температурасын
өлшеуге немесе басқа медициналық мақсаттарда
пайдалануға болмайды.
Өлшеу құралы үстіңгі газдардың температурасын өлшеуге
арналмаған. Сұйықтықтар температурасын өлшеу тек
стандартты термоэлемент (K байланыс түрі) көмегімен
мүмкін болады, оны өлшеу құралының интерфейсінде 25
өлшеу құралына қосу мүмкін.
Осы өлшеу құралының жарығы өлшеу құралының тікелей
жұмыс аймағын суретке түсіру үшін жарықтандыруға
арналған. Ол үйде бөлмелерді жарықтандыруға
арналмаған.
Лазер нүктелерін көрсеткіш ретінде пайдалану мүмкін.
Олар тек өлшеу аймағын белгілеуге арналған.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents