Philips ComfortCare - GC8500 series User Manual page 45

Hide thumbs Also See for ComfortCare - GC8500 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Әтір суын, сірке суын, крахмал, қақ кетіретін сұйықтықтар, үтіктеуге жәрдемдесетін немесе
басқа химиялық заттарды, су ыдысына құюға болмайды.
Ескертпе: Егер сіздің аймағыңыздағы ағын су өте қатты болса, онда судың дәл жартысына
дистилляцияланған су арластырғаныңыз деп кеңес береміз.
Ескертпе: Су ыдысы толып тұрғанда бу ыдысын еңкейтуге немесе шайқауға болмайды, себебі
толтыру тесігінен су төгіліп кетуі мүмкін.
3
Су ыдысы бу ыдысына мықтап жалғанғанын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе үтіктен еш бу
шықпайды.
4
Үтік қойылатын төсемді үтіктеу тақтасына қойыңыз. (Cурет 5)
5
Үтікті бу ыдысынан босатып алу үшін, тасымалдау бекітпесі сырғымасын солға
сырғытыңыз.
6
Қуат кабелдің штепселді жерге тұйықтырылған розеткаға енгізіп, бу ыдысын қосыңыз.
7
Қажетті үтіктеу температурасын орнату үшін температураны реттеу дөңгелегін тиісті
мәнге қойыңыз (Cурет 6).
Ескертпе: Бумен үтіктеуді тек жоғарырақ температураларда жасауға болады (2 немесе
одан жоғары температура параметрлері).
8
Құрылғыны қосу үшін қуат тұтқасын қажетті бу параметріне бұрыңыз. Бу
параметрі таңдалған үіктеу температурасына лайықты екеніне көз жеткізіңіз (Cурет 7).
1
«ЭКО» бу деңгейіне қойыңыз (2 және «MAX» арасындағы температура параметрлері).
2
Орташа бу деңгейіне қойыңыз (3 және «MAX» арасындағы температура
параметрлері).
3
Ең жоғары бу деңгейіне орнатыңыз (температура параметрі MAX ұстанымына).
Тиісті бу параметрінің шамы жыпықтап, бу ыдысы қызып жатқандығын
,
білдіреді (Cурет 8).
Шамамен 2 минуттан соң тиісті бу параметрінің шамы тұрақты жанып тұрады, бұл бу
,
ыдысы бумен үтіктеуге дайын екендігін білдіреді.
9
Бумен үтіктеген кезде бу шығарғышты басып ұстап тұрыңыз. (Cурет 9)
Бусыз үтіктеу үшін, жай ғана үтікті бу шығарғышын баспай-ақ қолданыңыз.
Ескертпе: Үтіктеу кезінде үтікті үтік қойылатын төсемге қорықпай-ақ қоя беруіңізге болады.
Ыстық үтік тұрған төсемді қызуға шыдамайтын бетке қоймаңыз.
Ескертпе: Төсем ыстық болғандықтан, одан ыстық үтікті алғаннан кейін біраз уақыт оған
тимеңіз.
Буды күшейту функциясы
Бумен үтіктеу барысында, кет қоятын қыртыстарды кетіру үшін буды күшейту функциясын
қолдануыңызға болады.
1
Температура дөңгелегін 3 және MAX мәні аралығына орнатыңыз.
2
Қосымша бу шығару түймесін басыңыз. (Cурет 10)
Буды адамдарға бағыттаушы болмаңыз.
Ескертпе: Буды күшейту функциясын бірінші рет қолданған кезде біраз су тамуы мүмкін. Буды
күшейту функциясын біраз қолданғаннан кейін су тамшылары пайда болмайды.
ҚазаҚша
45

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents