Philips ComfortCare - GC8500 series User Manual page 44

Hide thumbs Also See for ComfortCare - GC8500 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
44
-
Егер ашасында, ток сымында, бу беру шлангісінде немесе құрылғының өзінде көзге
көрінетін зақым болса, құрылғы жерге түсіп кетсе немесе су тамшылап тұрса, оны
қолданбаңыз.
-
Егер ток сымы немесе бу беру шлангісі зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
Philips компаниясы, Philips компаниясы ұсынған қызмет көрсету орталығы немесе білікті
мамандар сізге ауыстырып беруі керек.
-
Құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны бағалаусыз қалдыруға болмайды.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралды пайдалану нұсқауларынсыз,
мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың
(соның ішінде балалар) бұл құралды қолдануына болмайды.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
-
Ток сымын және бу беру шлангісін үтіктің ыстық табанына тигізбеңіз.
-
Егер құрал қызған сайын, Calc-Clean жүйесі қақпағының астынан бу шығып жатса,
міндетті түрде құралды өшіріп, қақпақты нығыздап жабыңыз. Егер бу шығуын тоқтатпаса,
құралды өшіріп, Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығына хабарласыңыз.
-
Бу ыдысы әлі ыстық болса немесе оның қысымы жоғары болса, қақ тазалауға арналған шаю
қалпақты бу ыдысынан алмаңыз.
-
Құрылғымен бірге берілген қақ тазалауға арналған қалпақтан басқа қалпақты бу ыдысымен
қолданбаңыз.
-
Қосулы үтікті жоғары температураға шыдайтын үтік қойылатын төсемге ұзақ мерзімге
қоймаңыз. Жоғары температураға шыдайтын үтік қойылатын төсемді үтіктеу кезінде үтікті
аз уақытқа қоя тұру үшін ғана қолданыңыз.
Ескерту
-
Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға болады.
-
Ток сымы мен бу беру шлангісінің зақымдалмағанын жиі тексеріп тұрыңыз.
-
Әрдайым үтікті және бу шығарушыны тұрақты, тегіс және көлбеу бетке қойып, қолданыңыз.
-
Штепсельді розеткаға тақпастан бұрын қуат кабелін толығымен босатып алыңыз.
-
Үтіктің тірегі мен үтіктің түбі қатты қызады, тиіп кетсеңіз күйіп қалуыңыз мүмкін. Егер бу
ыдысын жылжытқыңыз келсе, тіректі ұстамаңыз.
-
Үтіктеп болғаннан соң, оны тазалағанда, бу ыдысын толтырғанда немесе босатқанда,
сондай-ақ, үтікті тіпті қысқа уақытқа болса да тастап кеткенде: үтікті қызуға төзімді үтік
қойылатын төсемге қойып, қуат кабелін розеткадан суырып тастаңыз.
-
Бу ыдысын, «Тазалау және Күту» тармағындағы нұсқауына сәйкес жиі шәйіп отырыңыз.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай
келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі
ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.
Құрылғыны қолдану
Бумен үтіктеу
1
Бу генераторын тұрақты және тегіс жерге қойыңыз, мысалы, үтіктеуге арналған тақтаның
қатты бөлігіне немесе үстел үстіне.
2
Су ыдысында жеткілікті мөлшерде су барын тексеріңіз (Cурет 4).
Су ыдысын шығарып алып, оны үтікті пайдалану барысында кез келген уақытта
толытыруыңызға болады.
Үтікті бірінші рет қолданар бұрын және су ыдысы бос екенін білдіретін шам жыпықтағанда
дереу су ыдысын толтырыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents