Makita DMR057 Instruction Manual page 75

Cordless radio with lantern
Hide thumbs Also See for DMR057:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
● Зарядтауды тоқтату үшін зарядтау функциясын
өшіру үшін USB зарядтауды қосу/өшіру түймесін
басыңыз.
● USB құрылғысы қуатталған кезде динамиктің шығыс
қуатының максималды дыбысы төмендейді.
МАҢЫЗДЫ:
● USB құрылғысын қуаттаушы құрылғыға жалғар
алдында үнемі USB құрылғысындағы деректердің
көшірмесін жасау керек. Әйтпесе деректеріңіз
күтпеген жағдайда өшірілуі мүмкін.
● Қуаттаушы құрылғы кейбір USB құрылғыларына
қуат жеткізбеуі мүмкін.
● Пайдаланбаған кезде немесе қуаттап болғаннан
кейін USB кабелін ажыратып, қақпағын жабыңыз.
● Бұл USB ұяшығын компьютердің USB портына
жалғамаңыз, бұл құрылғылардың бұзылуына әкелуі
әбден мүмкін.
FM РАДИОСЫН ТЫҢДАУ
FM станцияларында баптау
FM радиостанциясын орнату үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Қосу түймесін пайдаланып радионы қосыңыз.
2. Режим түймесін бірнеше рет басу арқылыFM радио
режимін таңдаңыз.
3. Сәйкесінше жоғары немесе төмен жиіліктегі
FM станциясын автоматты түрде баптау үшін
Tuning up (Баптау (жоғары)) немесе Tuning down
(Баптау (төмен)) түймесін басып тұрыңыз. Радио
жеткілікті күшті станцияны тапқан кезде сканерлеуді
тоқтатады. Табылған сигналдың жиілігі дисплейде
көрсетіледі.
4. Жиілікті дәл баптау үшін Tuning up (Баптау (жоғары))
немесе Tuning down (Баптау (төмен)) түймесін
басыңыз.
5. Басқа радиостанцияларға теңшеу үшін 3 және
4-қадамдарды қайталаңыз.
ЕСКЕРТУ:
FM радио режимінде радионың қабылдауы жақсы
болмаса, радионы жақсырақ қабылдауды қамтамасыз
ететін орынға ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Алдын ала орнатылғын станциялар
FM радиосының 9 алдын ала орнатылған станциясы
бар.
1. Радионы қосу үшін Қуат түймесін басыңыз.
2. FM радио режимін таңдау үшін Mode (Режим)
түймесін басыңыз. Алдында көрсетілгендей қажетті
радио станцияны баптаңыз.
3. Дисплейде "M" әрпі жыпылықтағанша, Preset up
(алдын ала орнату (жоғары)) немесе Preset down
(алдын ала орнату (төмен)) түймесін басыңыз.
4. Қажетті жад нөмірін таңдау үшін Preset up (алдын
ала орнату (жоғары)) немесе Preset down (алдын
ала орнату (төмен)) түймесін басыңыз.
5. Дисплейде "M" әрпі жыпылықтағанын тоқтатқанша,
Preset up (алдын ала орнату (жоғары)) немесе
Preset down (алдын ала орнату (төмен)) түймесін
басыңыз. Радио станция таңдалған жадтың
алдын ала орнатылған параметрінде сақталады.
Дисплейде жад нөмірі пайда болады.
6. Қажет болған жағдайда, осы процедураны
қалған алдын ала орнатылатын параметрлер
үшін қайталаңыз. Қажет болса, сақталып қойған
алдын ала орнатылған станцияларды жоғарыдағы
процедураларды орындау арқылы үстінен жазуға
болады.
Станция жадын қайта шақыру
1. Радионы қосып, FM радио режимдерін таңдаңыз.
2. Радионы алдын ала орнатылған жадта сақталған
станциялардың біріне баптау үшін Preset up (алдын
ала орнату (жоғары)) немесе Preset down (алдын
ала орнату (төмен)) түймесін бір рет басыңыз.
МУЗЫКАНЫ BLUETOOTH
АРҚЫЛЫ ТЫҢДАУ
Bluetooth құрылғысындағы музыканы радио арқылы
ойнату/тарату үшін автоматты түрде радиоға қосылар
алдында Bluetooth құрылғысын радиомен сәйкестіру
керек. Сәйкестіру нәтижесінде екі құрылғы бірін-бірі
танитындай байланыс орнайды.
Ескерту:
● Дыбыстың сапасын жақсарту үшін дыбыс деңгейін
Bluetooth құрылғысының дыбыс деңгейінің үштен екі
деңгейінен асырмай қойып барып радионың дыбыс
деңгейін реттеуді ұсынамыз.
● Радио ең көбі 8 сәйкестірілген құрылғыны жадында
сақтай алады, жадтағы құрылғылар саны асып
кетсе, ең бірінші сақталған құрылғы жойылады.
Bluetooth құрылғысын бірінші рет
жұптастыру
1. Радионы қосу үшін қосу түймесін басыңыз. Bluetooth
режимін таңдау үшін режим түймесін басыңыз.
Bluetooth күйінің белгішесі радионы анықтауға
болатынын көрсету үшін жыпылықтайды.
2. Радиоға қосылу үшін құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығына сәйкес құрылғыда Bluetooth
функциясын қосыңыз. Bluetooth құрылғыларының
тізімін тауып, радиоңыздың атауы бар құрылғыны
таңдаңыз (BT2.1 Bluetooth құрылғысынан бұрынғы
нұсқаларымен жабдықталған кейбір ұялы
телефондарда "0000" рұқсат кодын енгізу қажет
болуы мүмкін).
75 Қазақ тілінде

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mr010g

Table of Contents