Makita DMR057 Instruction Manual page 72

Cordless radio with lantern
Hide thumbs Also See for DMR057:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
13. Батареяларды тек Makita белгілеген өнімдермен
пайдалану керек. Батареяны талаптарға сәйкес
емес өнімдермен пайдалану өртке, қатты қызуға,
жарылысқа немесе электролиттің ағып кетуіне
әкелуі мүмкін. Құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса,
батареяны құралдан шығару керек.
14. Құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса, батареяны
құралдан шығару керек.
15. Батарея картриджінің клеммаларына,
саңылауларына және ойықтарына жоңқалардың,
шаңның немесе топырақтың кіріп кетуіне жол
бермеңіз. Бұның салдарынан құрылғының немесе
батареяның өнімділігі төмендеуі немесе сынып
қалуы мүмкін.
16. Батареяны балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
17. Пайдалану барысында және пайдаланып
болғаннан кейін батарея картриджі қызып кетіп,
нәтижесінде күйіп қалуыңыз немесе төмен
температура жағдайында күйік алуыңыз мүмкін.
18. Пайдаланылып болған құрылғы клеммасын
бірден қолданбаңыз, өйткені ол қызып кетіп, күйіп
қалуыңыз мүмкін.
19. Құрылғыны жоғары вольтті электр қуаты
желілерінің жанында қолдануға болатын
жағдайларды қоспағанда, батарея картриджін
жоғары вольтті электр қуаты желілерінің жанында
қолдануға болмайды. Бұның салдарынан құрылғы
немесе батарея картриджі жұмысқа жарамсыз
болып қалуы немесе бұзылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Тек Makita түпнұсқалы батареяларын пайдалану
керек. Makita түпнұсқалы емес батареяларын
немесе өзгерістер енгізілген батареяны пайдалану
нәтижесінде өрт, жарақат және зақым орын алатын
батареяның жарылысына әкелуі мүмкін. Сонымен
қатар бұл жағдайда Makita құралдарына берілетін
Makita кепілдемесінің жарамдылығы жойылады.
Батареяның жарамдылық мерзімін
ұзартуға кеңестер
1. Батарея картриджін қуаты толық таусылмай тұрып
қуаттаңыз. Құрал қуаты төмендегенін байқаған
жағдайда құралдың жұмысын тоқтатып, батарея
картриджін қуаттаңыз.
2. Қуаттау үшін батарея картриджінің қуатын ешқашан
толықтай отырғызуға болмайды. Асыра қуаттау
батареяның қызмет көрсету мерзімін қысқартады.
3. Батарея картриджін бөлме температурасы 10°C
- 40°C (50°F - 104°F) жағдайында қуаттаңыз.
Қуаттамас бұрын батарея картриджінің суығанын
күтіңіз.
4. Батарея картриджін пайдаланбағанда оны құралдан
немесе қуаттау құрылғысынан алып тастаңыз.
5. Батарея картриджі егер ұзақ (алты айдан көп)
уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны қуаттап
қойыңыз.
72 Қазақ тілінде

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mr010g

Table of Contents