Bosch Professional GMS 100 M Original Instructions Manual page 89

Hide thumbs Also See for Professional GMS 100 M:
Table of Contents

Advertisement

көрсетілген бағаналардың санына қарамастан), дәлдік
шкаласы толық амплитуданы көрсетеді.
Астыңғы беттегі кеңірек нысандарды өлшеу
индикаторының (h) және дәлдік шкаласының (i) үздіксіз
жоғары амплитудасы арқылы анықтауға болады. Жарық
сақинасы (1) сары түспен жанады. Жоғары
амплитуданың ұзақтығы шамамен нысан еніне сәйкес
келеді.
Егер өте кішкентай немесе терең жатқан нысандар
ізделсе және өлшеу индикаторы (h) азғантай ғана
ығысса, өлшеу құралын нысан үстінен көлденеңінен және
тігінен қайта-қайта жылжытыңыз. Дәлдік шкаласының (i)
амплитудасына назар аударыңыз.
Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе
u
фрезерлеуден бұрын басқа ақпарат көздері
арқылы қауіптерден сақтануыңыз қажет. Өлшеу
нәтижелеріне қоршаған орта әсерлері немесе қабырға
сипаты әсер ете алатындықтан, өлшеу индикаторы (h)
датчик аймағында ешбір нысанды көрсетпеуі,
дыбыстық сигнал берілмеуі және жарық сақинасы (1)
жасыл түспен жанып тұруы мүмкін.
Металл нысандардың индикаторы
Егер өлшеу құралы металл нысанның үстінде орналасса
(жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанып тұрады),
дисплейде металдың түрі көрсетіледі: магниттік металдар
(мысалы, темір) үшін магниттік металдар индикаторы (d),
ал магниттік емес металдар (мысалы, мыс) үшін магниттік
емес металдар индикаторы (c) пайда болады.
Металл түрлерін ажырату үшін, өлшеу құралы табылған
металл нысанның үстінде орналасуы қажет (жарық
сақинасы (1) қызыл түспен жанып, дәлдік шкаласында (i)
жоғары амплитуда көрсетіледі).
Нұсқау: зерттелетін беттегі болат торлар мен
арматуралар жағдайында өлшеу индикаторында (h) бүкіл
аудан бойынша бірдей амплитуда болады. Әдетте болат
торлар жағдайында тікелей арматуралық өзектердің
үстінде магниттік металдар индикаторы (d), ал
арматуралық өзектердің арасында магниттік емес
металдар индикаторы (c) көрсетіледі.
Кернеу өткізгіш сымдардың индикаторы
Егер кернеу өткізгіш сым табылса, дисплейде кернеу
өткізгіш сымдардың индикаторы (e) пайда болады.
Кернеу өткізгіш сымның орналасқан жерін дәлірек
анықтау үшін өлшеу құралын бет үстінен қайта-қайта
жылжытыңыз. Бірнеше рет үстінен жылжытқаннан кейін,
кернеу өткізгіш сым өте анық көрсетілуі мүмкін. Егер
өлшеу құралы сымға тым жақын орналасса, жарық
сақинасы (1) қызыл түспен жыпылықтап, дыбыстық
сигнал жылдам ырғақпен беріледі.
Нұсқаулар:
– Ток тұтынушылары (мысалы, шамдар, құрылғылар)
ізделетін сымға жалғанған және қосылған жағдайда,
кернеу өткізгіш сымдарды оңай табуға болады.
Қабырғаны бұрғалаудан, аралаудан немесе
фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріңіз.
Bosch Power Tools
– Белгілі бір жағдайларда (мысалы, металл
беттердің артында немесе су мөлшері үлкен
беттердің артында) кернеу өткізгіш сымдарды
сенімді түрде табу мүмкін болмайды. Кереу өткізгіш
сымның сигнал күші кабель күйіне байланысты.
Сондықтан жақын ортада басқа өлшеу әрекеттерін
орындау арқылы немесе басқа ақпарат көздері
арқылы кернеу өткізгіш сымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
– Кернеу өткізбейтін сымдарды "Металл" жұмыс
режимінде металл нысандар ретінде табуға болады.
Бұл ретте бұрама кабельдер көрсетілмейді (толық
материалды кабельдерге қарама-қарсы).
– Статикалық электр қуаты сымдардың дәл емес
көрсетілуіне (мысалы, үлкен диапазонда) немесе
мүлде көрсетілмеуіне әкелуі мүмкін. Индикацияны
жақсарту үшін бос қолыңызды өлшеу құралының
жанында алақанмен қабырғаға қойып, статикалық
электр қуатын кетіріңіз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Нысандарды белгілеу
Қажет болса, табылған нысандарды белгілеуге болады.
Әдеттегідей өлшеңіз.
Егер нысанның шектерін немесе ортасын тапсаңыз,
ізделген жерді белгілеу саңылауы (2) арқылы белгілеңіз.
Температураны бақылау
Өлшеу құралы температураны бақылау тетігімен
жабдықталған, себебі дәл өлшеу, өлшеу құралының
ішінде температура тұрақты болғанда ғана орындалуы
мүмкін.
Температураны бақылау индикаторы (f) жанса, бұл
өлшеу құралының жұмыс температурасынан тыс
болғанын немесе шұғыл температура өзгерістері орын
алғанын білдіреді.
Өлшеу құралын өшіріп, қайта қоспас бұрын
температурасын қалпына келтіріңіз.
Ескерту функциясы
Дисплейде ескерту индикаторы (b) жанса, өлшеу
әрекетін қайта іске қосу қажет. Өлшеу құралын
қабырғадан алып, беттегі басқа жерге қойыңыз.
Дисплейдегі ескерту индикаторы (b) жыпылықтаса,
өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет көрсету
орталығына жіберіңіз.
Қосымша калибрлеу
Өлшеу құралының жанында ешқандай металдан жасалған
нысан болмаса да, өлшеу индикаторы (h) тұрақты
ығысса, өлшеу құралын қолмен қосымша калибрлеуге
болады.
Батарея индикаторы (g) кемінде 1/3 қуатты
көрсеткендігіне көз жеткізіңіз.
– Өлшеу құралын өшіріңіз.
– Өлшеу құралының айналасынан көрсетілуі мүмкін
барлық нысандарды (сондай-ақ қол сағатын немесе
металл сақиналарды) алып тастаңыз.
Қазақ | 89
1 609 92A 6V7 | (16.08.2021)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3 601 k81 100

Table of Contents