Bosch EasyChain 18V-15-7 Original Instructions Manual page 224

Hide thumbs Also See for EasyChain 18V-15-7:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 24
224 | Қазақ
немесе өзіңізді тепе-теңдіктен шығарып жіберуі
мүмкін.
Бұтақ-кескіш араны өшіріліп қойылған қалыпта
u
алдыңғы тұтқасынан ұстап тасуыңыз лазым, оны
тасып жүргенде ара шынжыры алғы жаққа қарап
тұруы керек. Бұтақ-кескіш араны тасымалдағанда
немесе сақтауға қойғанда әрқашан оның үстінен
шынжырды қорғау жапқышын жауып қою қажет.
Бұтақ-кескіш араны ұқыпты түрде қолдану арқылы
жұмыс істеп тұрған ара шынжырымен кездейсоқ
жанасып қалуы мүмкіншілігі азайтылады.
Майлау, шынжыр кернеуі бойынша, сонымен
u
қатар шапқы мен шынжырды алмастыру бойынша
нұсқауларға сай әрекет етіңіз. Лайықсыз түрде
керілген немесе майланған шынжырлар жыртылып
кете алады немесе қайта соққы қауібін арттыра алады.
Тек қана ағаш кесу үшін. Бұтақ-кескіш араны
u
мақсатталмаған жұмыстар үшін қолданбаңыз.
Мысалы: Бұтақ-кескіш араны металл, пластмасса,
тас қалаулары немесе ағаштан жасалмаған
құрылыс материалдарын кесу үшін қолданбаңыз.
Бұтақ-кескіш араны мақсатталмаған жұмыстар үшін
қолдану қауіпті жағдайларға апаруы мүмкін.
Осы бұтақ-кескіш ара ағаштарды кесіп құлату үшін
u
мақсатталмаған. Бұтақ-кескіш араны мақсатталған
түрден тыс жұмыстар үшін пайдалану осы құралды
пайдаланытан адамның немесе жанында тұрған
адамдардың ауыр түрде жарақатталуына апара алады.
Құралда қысылып қалған материалды алып тастау
u
барысында, бұтақ-кескіш араны сақтауға қойғанда
немесе құрал бойынша күтім жұмыстарында осы
құжат бойынша барлық нұсқауларға сай әрекет
етіңіз. Алдымен құралдың ажыратып-қосқышы
өшіріліп және аккумуляторы шығарылып қойылғанын
тексеріп алыңыз.
Кері соққының пайда болуы себептері мен оларды
u
болдырмау жолдары:
– Жүргізу шинасының ұшы кез келген бір затқа
жанасып тигенде немесе ағаш бүгіліп, ара шыншыры
кесілген жерде қысылып тұрып қалғанда кері
соққының пайда болуы мүмкін.
– Кейбір кездерде, жүргізуші шинасының ұшын түртіп
қалу кездейсоқ артқа қарай бағытталған реакцияға
апарып, осы реакция салдарынан жүргізу шинасы
жоғарыға қарай және қолданушы бағытына қарай
соғылып апарылуы мүмкін.
Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып
қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итеріп
жіберуі мүмкін.
– Осы реакциялардың әрқайсысы ара ұстау мен
қолдану бойынша бақылауды жоғалтып, қатты
жараланып қалуыңызға апаруы мүмкін. Тек қана бұтақ-
кескіш араны ішіне құрастырылып орнатылған
қауіпсіздік құрылғылар жүйесіне сүйенуге болмайды.
Бұтақ-кескіш араның пайдаланушы ретінде Өзіңіз,
апаттар мен жарақаттануларға жол бермей жұмыс
істей алу үшін, түрлі сақтандыру шараларын қолданып
жүруіңіз лазым.
F 016 L94 755 | (10.01.2024)
Кері соққы бұтақ-кескіш араны қате немесе жаңылыс
түрде пайдалану салдарынан пайда болады. Төменде
көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік шараларын
қолдану арқылы осы кері соққының пайда болуына
жол берілмейтін болады:
Қолдарыңыздың басбармақтары мен
u
бармақтарын бұтақ-кескіш араның тұтқалары
айналасынан бекем ұстап отыра, араны екі
қолыңызбен бекем ұстаңыз. Денеңіз бен
қолдарыңызды кері соққы күштеріне қарсы тұрып,
төзе алатындай тұрысқа қойыңыз. Лайықты
шаралар қолданылғанда құрал пайдаланушысы кері
соққы күштеріне қарсы тұрып, оларға төзе алады.
Бұтақ-кескіш араны ешқашан қолдарыңыздан босатып
шығарып жібермеңіз.
Денеңізді лайықсыз және қалыпсыз тұрыста
u
ұстамаңыз және кесілетін өнімдерді
иықтарыңыздан биігірек болғанда кеспеңіз.
Осының арқасында жүргізуші шина ұшымен кездейсоқ
түрде жанасып қалуына жол берілмей, бұтақ-кескіш
араның кездейсок жағдайларда жақсырақ бақылап
басқарылуы қамтамасыз етіле алынады.
Әрқашан шығарушы тарабынан талап етілетін
u
қосалқы шиналары мен ара шынжырларын
қолданыңыз. Лайықсыз қосалқы шиналары мен ара
шынжырлары шынжырдың жыртылуына немесе кері
соққыға апаруы мүмкін.
Ара шынжырын қайрау және күту үшін
u
шығарушының нұсқауларына сай әрекет етіңіз.
Тереңдікті шектеушінің мәні тым төмен болғаны
соққыға бейімді болуын арттырады.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бұл электр құрал физикалық, сенсорлық немесе
u
психикалық қабілеттері шектелген, немесе осы
құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/
немесе білімі болмаған адамдар арқылы
(осылардың арасында балалар да) тек өздерінің
бақылау астында болып, немесе осы құралды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен
танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен
танысқаннан кейін ғана қолданылуы тиіс.
Балалардың электр құралымен ойнамауын
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз қажет.
Құралды қолдану алдынан алдымен оның қорғау
u
құралдары мен тұтқыштарының барлығы лайықты
түрде енгізіліп орнатылғанын тексеріп алыңыз.
Құрал толығымен құрастырылып орнатылмаған
қалыпта болғанда немесе құралда рұқсат етілмеген
өзгертулер өткізілген жағдайларда құралды ешқашан
іске қосып қолданбаңыз.
Құрал шынжыры лайықты дұрыс жерде орнатылып
u
қойылуына назар аударыңыз. Шынжырдың қате
жерде орнатылуы шынжырдың үзіліп қалуына, кері
соққыға және/немесе адамдардың жарақаттануына
апара алады.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents