Philips SC2003/00 User Manual page 50

Hide thumbs Also See for SC2003/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ҚазаҚша
50
Құралды немесе оның бөлшектерін ағын суда немесе ыдыс жуғышта
жумаңыз.
Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау
құралдарын, жанармай немесе ацетон сияқты сұйықтықтарды
қолданбаңыз.
Ешқашан жарық шығару терезесіне немесе саптамалардың ішіндегі
металл жақтауға сызық түсірмеңіз.
Ескертпе Қауіпсіздік сақинасының байланыс қосқыштарының кірмен
бітеліп қалмауын тексеріңіз.
Ескертпе Жарық шығару терезесін немесе саптамаларды тазалау
мүмкін болмағанда құралды пайдалануды тоқтатыңыз. Ауыстыру үшін
«Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз.
1
Құралды сөндіріп, оны суытыңыз.
Ескертпе Жарық шығару терезесі пайдалану кезінде ыстық болады.
Тазалау алдында оның суығанын тексеріңіз.
2
Саптаманы алу үшін саусақтарыңызды жоғарғы және төменгі
жағындағы ойықтарға қойып, ақырын тартыңыз. Саптама оңай
шығуы керек.
3
Құралда берілген жұмсақ шүберекті аз сумен сулап, онымен мына
бөлшектерді тазалаңыз:
-
жарық шығару терезесі
-
саптамалардың сыртқы беті
-
саптамалардың металл жақтауы
-
дәлдік саптамасындағы қызыл сүзгі әйнек
Ескертпе Егер су дұрыстап тазартпаса, жоғарыда аталған
бөлшектерді тазалауға пайыздық көрсеткіші жоғары спирттің бірнеше
тамшысын пайдаланыңыз.
Ескертпе Ластанған жарық шығару терезесі және/немесе саптама
мына суреттегідей болып көрінуі мүмкін. Құралды әр пайдаланудан
бұрын және кейін және қажет болған кезде осы бөлімдегі нұсқауларға
сәйкес түкті алу кезінде де тазалағаныңызға көз жеткізіңіз.
Кеңес Егер енді саптамалардың жиектерін жинақтағы
тазалағыш шүберекпен тазалау мүмкін болмаса, оның орнына
мақталы таяқшаны пайдаланыңыз. Саптамалардың артында немесе
жарық шығару терезесінде түбіт не талшық қалмағанына көз
жеткізіңіз.
4
Қажет болса, құралдың сыртын құрал жинағында берілген құрғақ
тазалағыш шүберекпен тазалаңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents