Егер Төменде Берілген Дәрілердің Біреуін Қабылдап Жүрсеңіз, Құралды Ешқашан Пайдаланбаңыз; Ешқашан Құралды Мына Аумақтарға Пайдаланбаңыз - Philips SC2003/00 User Manual

Hide thumbs Also See for SC2003/00:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

-
түк алынатын тұстарда варикоздық көк тамыр болғанда немесе
тамыр кеңеюі сияқты тамыр аурулары болғанда;
-
теріңіз жарыққа сезімтал болып, қауіпті не аллергиялық реакция
оңай берілгенде;
-
түк алынатын тұстарда жұқпалы жара, экзема, күйік, түк
фолликулаларының қабынуы, ашық жарақаттар, сызат, асқынған ұшық,
жара немесе жарақат және гематома болғанда;
-
түк алынатын аумақтарға операция жасалғанда;
-
жарық сезімталдығымен талма ауруы болғанда;
-
қант диабеті, тері туберкулезі, порфирия немесе қан ұйыған жүрек
ауруларында;
-
қан айналымыңыз дұрыс болмағанда;
-
иммуносуппрессорлық аурумен (оның ішінде АИВ немесе ЖИТС)
ауырғаныңызда.
Егер төменде берілген дәрілердің біреуін қабылдап
жүрсеңіз, құралды ешқашан пайдаланбаңыз:
-
теріңізге қазір альфагидроқышқыл (АГҚ), бетагидроқышқыл (БГҚ),
жергілікті изотретиноин және азелаинды қышқыл қолданылып жатқанда
немесе қолданылғанда;
-
соңғы алты айда Accutane® немесе Roaccutance® изотретиноинын
ішкенде. Ондай кезде теріңіз жарылуға, жараларға және қышынуға
бейім болуы мүмкін;
-
терінің ыстыққа сезімталдығын төмендететін ауруды басатын дәріні
қабылдаған кезде;
-
жарыққа сезімтал құралдарды не дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, дәрінің
қаптамасын тексеріңіз және жарыққа аллергия, жарыққа қарсы реакция
берілетіні туралы айтылса немесе бұл дәріні қабылдаған кезде күннің
көзіне шықпау керек болса, құралды пайдаланбаңыз;
-
әр түкті алғанға дейін кемінде 1 апта шаюға мүмкіндік бермейтін
тәртіппен антикоагулянтты дәрілер, оның ішінде аспиринді көп
ішкенде;
-
иммуносупрессорлық дәрілерді ішкен кезде;
Ешқашан құралды мына аумақтарға пайдаланбаңыз:
-
көздің айналасында және қастың жанында;
-
емшекке, іріңдеген жерлерге, кіші жыныс қуыстарына, қынапқа, артқы
тесікке және мұрын қуысы мен құлақтың ішіне;
-
ер адамдар оны ұма мен бетінде пайдаланбауы керек;
-
силикон имплантат, кардиостимулятор, тері астына дәрі (инсулин
дәрісі) егу немесе пирсинг сияқты жасанды жердің үстіне немесе
жанына;
-
дәрігеріңізбен ақылдаспай меңдерге, секпілдерге, үлкен тамырларға,
қою пигментті жерлерге, тыртықтарға, тері ақаулықтарына. Мұның
нәтижесінде теріңіз күйіп қалып, түсін өзгертуі мүмкін, ал ол болса
теріге қатысты ауруларды (мысалы, тері обыры) анықтауды қиындатады.
-
сүйелдерге, дене суреттеріне немесе күнделікті косметикаға. Оның
нәтижесінде терінің күюі және түсін өзгертуі (гипопигменттеу не
гиперпигменттеу) мүмкін.
-
ұзаққа жететін дезодоранттар пайдаланылатын жерлерге. Оның
нәтижесінде теріде реакциялар болуы мүмкін. «Құралды пайдалану»
тарауының «Ықтимал кері әсерлері және тері реакциялары» бөлімін
қараңыз.
ҚазаҚша
37

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents