Samsung Galaxy SmartTag2 User Manual page 685

Hide thumbs Also See for Galaxy SmartTag2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қосымша
Ақауларды жою
Samsung қызмет көрсету орталығына немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласпай тұрып,
келесі шешімдерді қолданып көріңіз. Кейбір жағдайлар өнімге қолданылмауы мүмкін.
Өнім іске қосылмайды
Батареяның қуаты толықтай таусылған кезде, өнім қосылмайтын болады. Өнімді пайдалану алдында
оның батареясын тексеріңіз.
Батарея дұрыс салынбаған болуы мүмкін. Батареяны қайта салыңыз.
Түйіспелерін сүртіп, батареяны қайта салып көріңіз.
Өнім қатып қалады немесе мәселе туындайды
Келесі шешімдерді қолданып көріңіз. Егер ақау бәрібір жойылмаса, Samsung қызмет көрсету орталығына
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнімді қайта іске қосу
Өнім қатып қала берсе не баяу жұмыс істесе, оның батареясын алып, қайта салыңыз.
Мәжбүрлі түрде қайта іске қосу
Өнім қатып қалса немесе жауап бермесе, оны қайта іске қосуға болады.
Батарея науасының саңылауына өніммен берілген шығаруға арналған түйреуішті салып, батарея науасын
батарея науасының саңылауынан ақырын шығарыңыз. Түймені бір рет басып, босатқаннан кейін, түймені
қайта басып тұрып, батарея науасын батарея науасының саңылауына салыңыз. Өнімнен дыбыс шыққанша,
түймені 7 секундтан артық уақыт басып тұрыңыз.
Батарея дұрыс анықталмаған болса, өнім батарея салынған кезде бірден дыбыстық сигнал шығарады.
Мұндай жағдайда осы әдісті қайталап көріңіз.
Қазақ тілі
20
20

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ei-t5600

Table of Contents