Bosch UniversalVac 15 Original Instructions Manual page 117

Hide thumbs Also See for UniversalVac 15:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Сүзгіні тазалау/алмастыру (F1−F4 суреттерін
қараңыз)
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты. Сондықтан сүзгіні
мерзімді түрде тазалаңыз.
Зақымдалған сүзгіні дереу ауыстырыңыз.
– Жапқыштарды (8) ашып, сорғыштың жоғарғы
бөлігін (7) шығарып алыңыз.
– Сүзгіден (33) жеңдік сүзгіні (32) шешіп, оны тиісінше
қағыңыз.
– Сүзгіш ұстағышын (34) тірелгенше айналу бағытына
қарай
бұрап, сүзгіні (33) контейнерден (1)
шығарыңыз.
– Сүзгі пластинкаларын жұмсақ қылшақтармен
тазалаңыз
немесе
зақымдалған сүзгіні ауыстырыңыз.
– Сүзгіні (33) сүзгі қорабына (35) қойып, сүзгі
ұстағышын (34) тірелгенше айналу бағытына қарай
бұраңыз
.
Сүзгі саңылауы (33) сүзгі қорабының (35)
орналастырғыш жұдырықшаларына сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Сүзгі ұстағышы (34) шерту дыбысымен
бекітіледі.
– Жеңдік сүзгіні (32) сүзгіге (33) кигізіңіз. Сүзгіні (33)
жеңдік сүзгі (32) толығымен жабатынына және
резеңке таспаның сүзгі мен корпус арасындағы
науашада екеніне көз жеткізіңіз.
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін (7) қайта кигізіп,
жапқыштарды (8) жабыңыз.
Контейнерді тазалаңыз
– Контейнерді (1) әдеттегі абразивті емес тазалағыш
құралмен арасында сүртіп тұрыңыз және құрғатыңыз.
Тұрақты сүзгіні тазалау (G суретін қараңыз)
Сорғыштың оңтайлы өнімділігіне қол жеткізу үшін
тұрақты сүзгіні (36) арасында тазалап тұрыңыз.
Bosch Power Tools
– Ауа шығару саңылауының қақпағын (26) ашып,
тұрақты сүзгіні (36) шығарып алыңыз.
– Тұрақты сүзгіні (36) ағынды су астында шайып,
жақсылап кептіріңіз.
– Тазаланған сүзгіні қайтадан салып, берік әрі дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Ауа шығару
саңылауының қақпағын (26) қайтадан жауып
қойыңыз.
Ақаулықтар
Сору қуаты жеткіліксіз болса, төмендегілерді тексеріңіз:
– Сорғыштың жоғарғы бөлігі (7) дұрыс сапталған ба?
– Шлангілер жүйесі бітелген бе?
– Сорғыш құбырлар (20) берік байланыстырылған ба?
– Контейнер (1) толып қалған ба?
– Шаң жинағыш қап (29) толып қалған ба?
– Сүзгілер шаңмен қапталған ба?
Сорғыш қатты қызған жағдайда өшіп қалады.
Төмендегідей әрекет етіңіз:
– Сорғышты 60 минут суытыңыз.
– Желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз да,
қайтадан розеткаға салыңыз.
– Контейнер (1) мен шаң жинағыш қаптың (29) бос
болғанына және сорғыш шланг (16), сүзгі (33) мен
тұрақты сүзгінің (36) бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
Контейнердің (1) жүйелі түрде босатылуы оңтайлы сору
өнімділігіне кепіл береді.
Сору өнімділігіне қол жеткізу мүмкін болмаса, Bosch
қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
Сақтау және тасымалдау (H суретін қараңыз)
– Сорғыш құбырларды (20) бекіткіштерге (14)
салыңыз.
– Сорғыш шлангіні (16) сорғыштың жоғарғы бөлігі
айналасындағы бекіткіштерге (11) салыңыз, сорғыш
шлангінің ұшын екеуінің біріне қойыңыз (11).
– Желілік кабельді кабель ұстағышына (37) ораңыз.
– Ілмектерді (38) бау ұстағыштарына (37) бекітіңіз.
– Бүгілген саптаманы (18) немесе сору адаптерін (17)
ұстағышқа (15) салыңыз.
– Еден саптамасын (19) ұстағышқа (12) салыңыз.
– Еден саптамасын (21) ұстағышқа (13) салыңыз.
– Сорғышты тек тасымалдау тұтқасынан (6) ұстап
тасымалдаңыз.
– Сорғышты құрғақ бөлмеге қойып, оны рұқсатсыз
пайдаланудан қорғаңыз.
– Бағыттаушы аунақшаларды (9) бұғаттау үшін,
бағыттаушы аунақша тежеуішін (10) басыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
Қазақ | 117
1 609 92A 7UL | (17.01.2023)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Advancedvac 20

Table of Contents