Makita RP1800 Instruction Manual page 32

Hide thumbs Also See for RP1800:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Микрометрлік тік бағыттауыш
(керек-жарақ)
► Сурет15
Фрезер орнатылған кезде
Екі соташықты (10 соташығы) бағыттауыш
ұстағышының сыртқы орнату ойықтарына енгізіп, екі
бекіткіш бұранданы (M15 x 14 мм) қатайту арқылы
бекітіңіз. Басты сомын (M6 x 50 мм) төмен қарай
қатайтылғанына көз жеткізіңіз, содан кейін фрезер
табанының орнататын блогын екі соташыққа (10
соташығы) сырғытып, фрезер табанының бекіткіш
бұрандаларын қатайтыңыз.
Тік бағыттауышқа қатысты жүзді
орнатуға арналған нақты реттеу
функциясы
► Сурет16: 1. Реттегіш бұранда
1.
Басты сомынды босатыңыз (M6 x 50 мм).
2.
Басты сомынды (M10 x 52 мм) күйді реттеу үшін
бұрауға болады (бір толық бұралу күйді 1 мм-ге
реттейді).
3.
Күйді реттеуді аяқтағаннан кейін, басты
сомынды (M6 x 50 мм) бекітілгенше
қатайтыңыз.
Шкала блогы нөл (0) санымен туралану үшін шкала
сақинасын бөлек айналдыруға болады.
Бағыттауыш сырғағының енін
өзгерту
Бағыттауыш сырғағының енін сол және оң жақ
бағытта өзгерту үшін, шеңбермен белгіленген
бұрандаларды босатыңыз. Бағыттауыш сырғағының
енін өзгертіп бұрандаларды бекітілгенше
қатайтыңыз. Бағыттауыш сырғағының енін (d)
өзгерту ауқымы - 280 мм-350 мм.
► Сурет17: 1. Бұрандалар 2. Жылжымалы
► Сурет18: 1. Минималды саңылау енін орнатқанда
► Сурет19: 1. Максималды саңылау енін орнатқанда
Қима бағыттауышы (қосымша
керек-жарақ)
► Сурет20
Қима бағыттауышы ұштық өтетін жалғастырғышпен
қамтамасыз етеді, нәтижесінде құралды қима
үлгілерге қолдануға болады.
Қима бағыттауышын орнату үшін құлыптау
тақтайшасының тетігін тартып, қима бағыттауышын
енгізіңіз.
► Сурет21: 1. Қима бағыттауышы 2. Құлыптау
тақтайшасы
Қиманы өңделетін бөлшекке бекітіңіз. Құралды
қимаға орналастырып, оны қима бүйірімен сырғыту
арқылы қима бағыттауышымен бірге жылжытыңыз.
► Сурет22: 1. Ұштық 2. Табан 3. Қима 4. Өңделетін
бөлшек 5. Бос орын (X) 6. Қима
бағыттауышының сыртқы диаметрі
7. Қима бағыттауышы
ЕСКЕРТПЕ:
Өңделетін бөлшек қима өлшемінен сәл
өзгеше өлшеммен кесіледі. Ұштық пен қима
бағыттауышының сыртқы жағының арасында
бос орын (X) қалдырыңыз. Бос орынды (X)
келесі теңдеуді қолданып есептеуге болады:
Бос орын (X) = (қима бағыттауышының сыртқы
диаметрі - ұштықтың диаметрі) / 2
Триммер бағыттауышы (қосымша
керек-жарақ)
► Сурет23
Жиһазға арналған шерелерді фрезерлеу,
триммерлеу және соған ұқсас кесу түрлерін
орындауды триммер бағыттауышы арқылы оңай
орындауға болады. Бағыттауыш ролик ирек кесуді
бағыттайды және жіңішке етіп кесуді қамтамасыз
етеді.
Бүрлеуленген бекіткіш бұранданы (B) қолданып,
триммер бағыттауышты бағыттауыш ұстағышына
орнатыңыз. Бағыттауыш ұстағышын құрал
табанындағы саңылауларға енгізіңіз және
бүрлеуленген бекіткіш бұранданы (A) бекітіңіз.
Ұштық пен триммер бағыттауыштың ара-
қашықтығын реттеу үшін бүрлеуленген бекіткіш
бұранданы (B) босатыңыз және микрометрлік
бұранданы бұраңыз (әрбір бұраған сайын 1,5 мм).
Бағыттауыш роликті жоғары немесе төмен реттеу
кезінде бүрлеуленген бекіткіш бұранданы (C)
босатыңыз. Реттеп болған соң, барлық бүрлеуленген
бекіткіш бұрандаларды мықтап бекітіңіз.
► Сурет24: 1. Бағыттауыш ұстағышы 2. Реттегіш
бұранда 3. Бекіткіш бұранда (B)
4. Бекіткіш бұранда (С) 5. Триммер
бағыттауышы 6. Бекіткіш бұранда (A)
Кесу барысында бағыттауыш ролик өңделетін
бөлшектің бүйір жағымен бағытталатындай етіп
құралды жылжытыңыз.
► Сурет25: 1. Ұштық 2. Бағыттауыш ролик
3. Өңделетін бөлшек
Шаң жүретін мойын жинағы
(Керек-жарақ)
► Сурет26: 1. Шаң жүретін мойын 2. Бекіткіш
бұранда
Шаң жою үшін шаң жүретін мойынды пайдаланыңыз.
Шаң жүретін мойынды құлақты бұранда арқылы
құрал табанына шаң жүретін мойынның дөңес жері
құрал табанындағы ойыққа сәйкес келетіндей етіп
орнатыңыз.
Содан кейін шаңсорғышты шаң жүретін мойынға
қосыңыз.
► Сурет27
32 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Rp1800fRp1801Rp1801fRp2300fcRp2301fc

Table of Contents