Makita RP1800 Instruction Manual page 28

Hide thumbs Also See for RP1800:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

13. Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Құралды қуат көзіне және/немесе
аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны
жинап немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне
көз жеткізіңіз. Саусақ электрлік құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
14. Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын
кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
15. Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
16. Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
және әшекей тақпаңыз. Шаш, киім және
қолғабыңызды қозғалмалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе ұзын
шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
17. Шаң тұту және жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың
қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып
жатқанына көз жеткізіңіз. Шаң жинау
құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты
қауіпті азайтуы мүмкін.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
18. Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
19. Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал
қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.
20. Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электрлік құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе аккумулятор блогы бар болса,
оны шығарып алыңыз. Осындай алдын алу
шаралары электрлік құралдың кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
21. Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы жаттығудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
22. Электр құралдарына техникалық қызмет
көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің
ауытқуы және оралуы, зақымдалған
бөлшектер және электрлік құралдың
жұмысына кері әсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз.
Зақымы болса, электрлік құралды жөндеген
соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым
оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс
техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен
болады.
23. Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және басқаруға оңай.
24. Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Қызмет көрсету
25. Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп
алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдалануы керек. Бұл электрлік құралдың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
26. Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
27. Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және
майлы болмауын қамтамасыз етіңіз.
ФРЕЗЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
1.
Электр құралын оқшауланған арнайы
қысқыштармен ұстаңыз, себебі дискілі
алмас ара өз сымына тиіп кетуі мүмкін.
Кернеулі сымды кесуден электр құралының
ашық металл бөліктерінде кернеу пайда
болады, нәтижесінде операторды ток соғуы
мүмкін.
2.
Өңделетін бөлшекті орнықты платформаға
бекітіп тіреу үшін қысқыштарды немесе
басқа тиімді әдісті пайдаланыңыз. Өңделетін
бөлшекті қолмен немесе денеңізге қарама-
қарсы ұстасаңыз, құралды игере алмай
қалуыңыз мүмкін.
3.
Құралды пайдалану ұзақ уақытқа
созылатын болса, құлаққа арналған
қорғаныш құралын тағып жүріңіз.
4.
Ұштықтарды өте мұқият пайдаланыңыз.
Жұмысқа кірісуден бұрын ұштықта
5.
жарықтар мен зақымдардың бар-
жоғын мұқият тексеріңіз. Жарылған
немесе зақымдалған ұштықты дереу
алмастырыңыз.
Шегелерді кеспеңіз. Жұмысты бастау
6.
алдында шегелердің бар-жоғын тексеріп,
оларды өңделетін бөлшектен алып
тастаңыз.
7.
Құралды екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
8.
Қолыңызды айналмалы бөлшектерге
жақындатпаңыз.
9.
Ауыстырып-қосқышты іске қоспас бұрын,
ұштықтың өңделетін бөлшекке тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
10. Құралды нақты өңделетін бөлшекке
қолданбас бұрын, біраз уақыт бойы іске
қосылып тұруына мүмкіндік беріңіз.
Ұштықтың дұрыс орнатылмағанын
көрсететін дірілдеу мен теңселудің бар-
жоғын тексеріңіз.
11.
Ұштықтың айналу бағыты мен беріліс
бағытынан сақ болыңыз.
28 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Rp1800fRp1801Rp1801fRp2300fcRp2301fc

Table of Contents