Bosch GSR 18V-85 C Original Instructions Manual page 161

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Қосымша тұтқа
Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз (4).
Кез келген жұмысты орындау алдында қосымша
u
тұтқаның нық тартылғанына көз жеткізіңіз.
Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Қосымша тұтқаны орнату
Қосымша тұтқаны ашу үшін қосымша тұтқаның астыңғы
бөлігін (4) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Қосымша тұтқаның төсемін (5) кері тартып, оны осы
күйде ұстап тұрыңыз.
Қосымша тұтқаны электр құралына орнату үшін, оны
бұрғылау патроны арқылы өткізіп жылжытыңыз.
Содан кейін төсемді (5) жіберіңіз.
Содан кейін қосымша тұтқаның (4) астыңғы бөлігін сағат
тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны қайыру
Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін
қосымша тұтқаны (4) кез келген жаққа қайыруға болады.
Қосымша тұтқаның (4) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (4) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (4)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін орнату
Тереңдік шектегішімен (3) қажетті бұрғылау тереңдігін X
реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы (6)
босатып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (4)
енгізіңіз.
Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы (6)
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Құралды ауыстыру (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Ажыратқыш (17) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (2) төлкесін
айналу бағытымен ➋ қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (16) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (11) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Айналу бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (16) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (17) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (16) екі жағынан
жылжытыңыз.
Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (16) екі жағынан
жылжытыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(8) "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Бұрау
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
(8) "Бұрау" белгісіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау (GSB 18V-85 C)
Қазақ | 161
күйіне тірелгенше
күйіне тірелгенше
1 609 92A 4T1 | (06.02.2020)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents