Makita UR101C Instruction Manual page 56

Battery powered grass trimmer
Hide thumbs Also See for UR101C:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

4.
Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы оқытудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
5.
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы және оралуы, зақымдалған
бөлшектер және электрлік құралдың жұмысына
кері әсер ететін басқа жағдайлардың бар-жоғын
тексеріңіз. Зақымы болса, электрлік құралды
жөндеген соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым
оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс
техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен болады.
6.
Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және басқаруға оңай.
7.
Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8.
Тұтқалардың және жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза және майлы
болмауын қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар және
қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген
жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және
оған ие болу мүмкін болмайды.
9.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс
қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған
қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге
ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін;
оған тимеуге тырысыңыз. Егер абайсызда
тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер
сұйықтық көзге тиген болса, медициналық
көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан
сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы
мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
2.
Зақымдалған аккумулятор блоктарына
қызмет көрсетуге болмайды. Аккумулятор
блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе
өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.
3.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Құралға арналған маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ:
осы құрылғымен
пайдаланылатын портативті қуат беру
блогының пайдалану нұсқаулығымен қатар
осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып,
түсініп алыңыз. Төменде берілген барлық
ескертулер мен нұсқауларды орындамау электр
тогының соғуына, өрт шығуы қаупіне және/немесе
ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Барлық қауіпсіздік ескертулері
мен нұсқауларын оқып шығыңыз. Төменде
берілген барлық ескертулер мен нұсқауларды
орындамаған жағдайда, электр тогының соғуы,
өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алуға себеп
болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін
барлық ескерту мен нұсқауды
сақтап қойыңыз.
Қолдану мақсаты
1.
Бұл құрал тек шөптерді, арамшөптерді,
бұталарды және майда ағаштарды кесуге
арналған. Оны жиектеу немесе шарбақты
кесу секілді кез келген басқа мақсатта
қолдануға болмайды, себебі бұл жарақатқа
әкелуі мүмкін.
56 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ur201c

Table of Contents