Bosch Professional GBM 50-2 Original Instructions Manual page 207

Hide thumbs Also See for Professional GBM 50-2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
Монтаждау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қол қос иінін монтаждау
– Үш қол қос иінін (4) қос иін төлкесіне (5) мықтап бұрап
бекітіңіз.
Құралды алмастыру (A суретін қараңыз)
– Жетек блогын қол қос иінінің (4) көмегімен толықтай
жоғары қарай бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспаптарда май болмағанына көз
жеткізіңіз.
Бұрғылау коронкасын монтаждау
– Шығару істігін (26) бұрғылау коронкасына (27)
енгізіңіз (TCT және HSS бұрғылау коронкалары әртүрлі
диаметрлі шығару істіктерін қажет етеді).
– Бұрғылау коронкасын шығару істігімен бұрғылау
коронкасының адаптеріне (22) енгізіп, бұрандаларды
алты қырлы дөңбек кілтпен (6 мм) (25) мықтап
тартыңыз.
Велдон білігі бар бұрғылау коронкасын қолданған
жөн.
– Бұрғылау коронкасының адаптерін құрал бекіткішіне
(12) енгізіңіз.
– Суыту сұйықтығының шлангісін (37) бұрғылау
коронкасының адаптеріндегі жалғағыш келте құбырға
жалғаңыз.
Шиыршық бұрғыны монтаждау
Морзе конусы бар құралдар MK2:
– Құралды тікелей құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
Морзе конусы бар құралдар MK1:
– Құралды азайту төлкесіне (MK2/MK1)(30) енгізіңіз.
– Құралы енгізілген азайту төлкесін құрал бекіткішіне
(12) енгізіңіз.
Цилиндрлік білігі бар құралдар:
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (32) конустык
жақтауға (33) бұрап кіргізіңіз де, құралды енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны бұрап кіргізілген
конустык жақтауды құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
Құралдың мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
u
Морзе конусын немесе конустық жақтауды енгізу
u
кезінде күш салмаңыз. Бұл құрал бекіткішіне және
енгізілген құралдарға зақым келтіруі мүмкін.
Таңбалауышты монтаждау
Таңбалау үшін жарамды таңбалауыш адаптерін (23)
пайдаланыңыз.
– Таңбалауышты (24) адаптерге (23) енгізіңіз.
– Адаптерді (23) енгізілген таңбалауышпен (24)
бұрғылау коронкасының адаптеріне (22) енгізіңіз де,
оны алты қырлы дөңбек кілтпен (6 мм) (25) бұрап
бекітіңіз.
Bosch Power Tools
– Бұрғылау коронкасының адаптерін (22) құрал
бекіткішіне (12) енгізіңіз.
Құралды шығару
– MK2 шығару сынасын (34) қиғашталған жиек төмен
қарап тұратындай саңылауға (13) кіргізіңіз.
Егер шығару сынасы (34) жетек шпинделіне
енгізілмесе, алмалы-салмалы аспапты азғантай
бұраңыз.
– Шығару сынасын (34) балғаның көмегімен құрылғыға
қарай басып, алмалы-салмалы аспапты құрал
бекіткішінен босатып шығарыңыз.
Суыту сұйықтығының жүйесін монтаждау (B
суретін қараңыз)
Суыту сұйықтығының жүйесін тек бұрғылау
u
коронкасымен бұрғылау кезінде пайдалануға
болады.
Суыту сұйықтығының багын пайдалану алдында суыту
сұйықтығымен толтыру керек. Клапанды ашпас бұрын
суыту сұйықтығы багының шағын артқы қақпағын жоғары
қарай тарту керек.
Электр құралын қоспас бұрын клапанды толықтай
ашыңыз.
Суыту сұйықтығы багының көлемін бакты тартып итеру
арқылы 500 мл шамасынан 750 мл шамасына дейін
өзгертуге болады.
Суыту сұйықтығының жүйесін тік немесе еңкейтілген
жазықтықтарда немесе бас үстінен бұрғылау кезінде
пайдалануға болмайды.
– Суыту сұйықтығының багын (35) ұстағышқа (36)
кіргізіңіз.
– Ұстағышты суыту сұйықтығының багымен жоғарғы
жақтан шина (17) ішіне жылжытыңыз.
– Суыту сұйықтығы клапанының жалғағыш келте
құбырын (38) суыту сұйықтығының шлангісіне (37)
жалғаңыз.
Суыту сұйықтығының багын пайдалану алдында суыту
сұйықтығымен толтыру керек.
– Жапқыш клапан (39) жабық болғанына көз жеткізіңіз.
– Суыту сұйықтығы багының қақпағын бұрап
шығарыңыз да, бакқа суыту сұйықтығын құйыңыз.
– Қақпақты қайтадан суыту сұйықтығының багына бұрап
орнатыңыз.
Пайдалану
Электр құралын пайдалану барысында
құлақ қорғанысы мен қорғаныш
көзілдірік киіп жүріңіз.
Қазақ | 207
1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0 601 1b4 020

Table of Contents