Makita TD00000148 Instruction Manual page 131

Battery holder
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
6.
Қуат көзін USB портына қосуға
болмайды. USB порты тек төмен кернеулі
құрылғыларды зарядтауға арналған. Төмен
кернеулі құрылғыны зарядтамайтын кезде,
USB портын әрдайым қақпақпен жабыңыз.
Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
7.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір
аккумулятор блогына сәйкес келетін
зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор
блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы
мүмкін.
8.
Жабдықтарды тек көрсетілген аккумулятор
блоктарымен ғана пайдаланыңыз. Кез келген
басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы
мүмкін.
9.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
10. Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
11.
Аккумулятор немесе аккумулятормен
бірге пайдаланылатын жабдық
зақымдалған немесе өзгертілген болса,
оны пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумулятор немесе жабдық өрт,
жарылыс немесе жарақат алу қаупіне әкелетін
күтпеген жағдайлар тудыруы мүмкін.
12. Аккумулятор блогын немесе құралды
оттың не шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
13. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын нұсқауларда көрсетілген
температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз.
Дұрыс зарядталмаса немесе көрсетілген
ауқымнан тыс температурада зарядталса,
аккумулятор зақымдалуы және өрт шығу қаупі
артуы мүмкін.
14. Жөндеу жұмыстарын білікті маман тек тиісті
қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып
орындауы тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
15. Құрылғыны немесе аккумулятор
жинағын пайдалану және күтім көрсету
нұсқауларында сипатталғаннан басқа
жолмен өзгертуге немесе жөндеуге әрекет
етпеңіз.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз.
Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу
жағдайларына алып келуі мүмкін.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
5.
Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз:
(1)
Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2)
Аккумулятор картриджін ішінде
шегелер, тиындар, т.б. басқа металл
заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
Аккумулятор блогын суға салмаңыз
(3)
немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы
үлкен ток ағынының пайда болуына,
қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті
бұзылуға себеп болуы мүмкін.
Құралды және аккумулятор блогын
6.
температурасы 50 °C-ден (122 °F)
шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз
және пайдаланбаңыз.
7.
Аккумулятор блогы қатты зақымдалған
немесе толығымен тозған болса да, оны
отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта
жарылып кетуі мүмкін.
8.
Аккумулятор картриджін шегелеуге,
кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе
оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл
әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе
жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
9.
Зақымдалған аккумуляторды
пайдаланбаңыз.
131 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Td00000110Td00000111

Table of Contents