Bosch Professional LR 45 Original Instructions Manual page 84

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
84 | Қазақ
Лазер қабылдағышын ұзақ уақыт
u
пайдаланбасаңыз, батареяларды лазер
қабылдағышынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт
сақтаған жағдайда, лазер қабылдағышындағы
батареяларды тот басуы және олардың заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Лазер қабылдағышын ылғалдан және тікелей күн
u
сәулелерінен қорғаңыз.
Лазер қабылдағышына айрықша температура
u
немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі
тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Қатты температура өзгерістерінің
жағдайында алдымен лазер қабылдағышын
қолданысқа енгізбес бұрын жылытыңыз/суытыңыз.
Айрықша температура немесе шұғыл температура
өзгерістерінің жағдайында лазер қабылдағышының
дәлдігі төмендеуі мүмкін.
Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе
u
оған кедергі келтіруі мүмкін бөгеттерден таза
ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр
беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер
немесе ұқсас материалдар арқылы өлшемеңіз.
Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі
келтірілген жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы
мүмкін.
Лазер қабылдағышын орнату (A суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ротациялық лазерден
кемінде 0,5 м алшақ орнатыңыз. Бірнеше жұмыс режимі
бар ротациялық лазерлерде ең жоғары айналу
жылдамдығымен көлденең немесе тік жұмыс режимін
таңдаңыз.
Лазер қабылдағышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне
(11) жететіндей етіп орналастырыңыз. Оны лазер сәулесі
қабылдау өрісінен көлденеңінен өтетіндей етіп туралаңыз
(суретте көрсетілгендей).
Қосу/өшіру
Лазер қабылдағышын қосқан кезде, дыбыстық
u
сигнал шығады. Сондықтан лазер қабылдағышын
қосқан кезде құлақтан немесе басқа адамдардан
алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін
зақымдауы мүмкін.
Лазер қабылдағышын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (2)
басыңыз. Барлық дисплей индикаторлары қысқа уақытқа
жанып, дыбыстық сигнал беріледі.
Лазер қабылдағышын өшіру үшін қосу/өшіру
түймесін (2), барлық дисплей индикаторлары қысқа
мерзімге жанып, дыбыстық сигнал берілгенше, басып
тұрыңыз. Дисплей жарығынан басқа барлық реттеулер
жадқа сақталады.
Егер шамамен 30 мин ішінде лазер қабылдағышында
ешбір түйме басылмай, қабылдау өрісіне (11) 30 мин
1 609 92A 5R9 | (26.06.2020)
ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер қабылдағышы
батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
Бағыт индикаторлары
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (11) орналасуы
осылайша көрсетіледі:
– лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы
жағындағы дисплейде (6) "Ортаңғы сызық астындағы
лазер сәулесі" бағыт индикаторы (h), "Ортаңғы сызық
үстіндегі лазер сәулесі" бағыт индикаторы (j) немесе
ортаңғы сызық индикаторы (i) арқылы,
– сондай-ақ дыбыстық сигнал арқылы.
Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (11) жоғарғы бөлігінен өтсе,
дисплейде "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген
бағыт индикаторы (j) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал баяу ырғақпен
беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай
жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (11) астыңғы бөлігінен өтсе, дисплейде
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (h) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жылдам
ырғақпен беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай
жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау
өрісінен (11) ортаңғы сызық биіктігінде өтсе, дисплейде
ортаңғы сызық индикаторы (i) пайда болады.
Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады.
Соңғы қабылдауды жадқа сақтау функциясы: лазер
сәулесі бөгеттен үзілсе және қабылдау өрісіне (11) ары
қарай қол жеткізбесе, соңғы рет көрсетілген "Ортаңғы
сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (j), "Ортаңғы сызық астындағы лазер
сәулесі" деген бағыт индикаторы (h) немесе ортағы
сызық индикаторы (i) дисплейде қысқа уақыт ішінде
жыпылықтайды.
Салыстырмалы биіктік индикаторы (B суретін
қараңыз)
Егер лазер сәулесі қабылдау өрісіне (11) тисе, лазер
сәулесі мен орта белгісінің (10) арасындағы қашықтық
дисплейдегі салыстырмалы биіктік индикаторында (g)
көрсетіледі.
Егер қабылдау өрісіндегі (11) лазер сәулесі мен орта
белгісінің (10) арасындағы қашықтық 30 мм шамасынан
артық болса, салыстырмалы биіктік индикаторы (g)
сөнеді. Бұл жағдайда тек қана сәйкес бағыт индикаторы
көрсетіледі.
Дисплей жарығы
Лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы жағындағы
дисплейлерде (6) жарық функциясы бар.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0 601 069 l00

Table of Contents