Makita BO5040 Instruction Manual page 21

Random orbit sander
Hide thumbs Also See for BO5040:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Шаң қапшығын босату
► Сурет9: 1. Шаң жүретін мойын
Шаң қапшығы шамамен жартылай толық болғанда,
құралды өшіріп, желіден ажыратыңыз. Шаң
қапшығын құралдан алып тастаңыз. Шаң жүретін
мойынды сағат тіліне қарсы бағытта аздап
бұрағаннан кейін шаң қапшығынан алып тастаңыз.
Шаң қапшығын ақырын қағып босатыңыз.
► Сурет10: 1. Шаң жүретін мойын
Шаң қапшығын босатқаннан кейін шаң жүретін
мойынды шаң қапшығына орнатыңыз. Шаң жүретін
мойынды орнына бекіту үшін сәл ғана сағат тілі
бағытымен бұраңыз. Содан кейін шаң қапшығын
құралға "Шаң қапшығын орнату" бөлімінде
сипатталғандай орнатыңыз.
Қағаз шаң қапшығын орнату
► Сурет11: 1. Ойық 2. Алдыңғы бекіту картоны
3. Қағаз шаң қапшығының алдыңғы
жағы
Қағаз шаң қапшығының алдыңғы жағын жоғары
қаратып, қағаз шаң қапшығының ұстағышына
орналастырыңыз. Қағаз шаң қапшығының алдыңғы
бекіту картонын қағаз шаң қапшығы ұстағышының
ойығына енгізіңіз.
► Сурет12: 1. Тырнақшалар 2. Жоғарғы бөлігі
Алдыңғы бекіту картонын тырнақшаларға ілу үшін
оның жоғарғы бөлігін көрсеткі бағытымен басыңыз.
► Сурет13: 1. Кертік 2. Бағыттауыш
► Сурет14
Қағаз шаң қапшығының кертігін қағаз шаң қапшығы
ұстағышының бағыттауышына енгізіңіз. Содан кейін
қағаз шаң қапшығы ұстағышының жинағын құралға
орнатыңыз.
Сүзгіш қағаз қапшығын орнату
► Сурет15: 1. Ұстағыш
Картон жиегіндегі логотип пен шаң қорабындағы
логотиптің бір жақта орналасуын тексеріңіз, содан
кейін картон жиегін әрбір ұстағыштың ойығына
сәйкестендіру арқылы сүзгіш қағаз қапшығын
орнатыңыз.
► Сурет16: 1. Шаң қорабы 2. Шаң жүретін мойын
Картон жиегіндегі логотип пен шаң жүретін
мойындағы логотиптің бір жақта орналасуын
тексеріңіз, содан кейін шаң жүретін мойынды шаң
қорабына орнатыңыз.
Шаң қорабын және сүзгіш қағаз
қапшығын алып тастау
► Сурет17: 1. Ысырма 2. Шаң жүретін мойын
Екі ысырманы басу арқылы шаң жүретін мойынды
шығарып алыңыз.
► Сурет18
Алдымен сүзгіш қағаз қапшығын картон жиегінің
логотип белгіленген жағын қысу арқылы
жылжытыңыз, содан кейін оны шаң қорабының
ұстағышынан шығарып алу үшін картон жиегін төмен
қарай тартыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмыс істеу кезінде, әрқашан алдыңғы
тұтқаны пайдаланыңыз және алдыңғы тұтқа
мен ауыстырып-қосқыштың тұтқасын мықтап
ұстаңыз.
Ажарлау жұмыстары
► Сурет19
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды ысқыш дискісіз ешқашан
пайдаланбаңыз. Төсемді қатты
зақымдауыңыз мүмкін.
Құралға ешқашан күш түсірмеңіз. Шамадан
тыс қысым ажарлау тиімділігін төмендетуі,
ысқыш дискіні зақымдауы немесе құралдың
қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін.
Төсем шетін өңделетін бөлшекпен
жанастырып құралды пайдалану төсемді
зақымдауы мүмкін.
Құралды мықтап ұстаңыз. Құралды іске қосыңыз
және ол толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз.
Содан кейін құралды өңделетін бөлшектің бетіне
мұқият орналастырыңыз. Төсемді өңделетін
бөлшекпен беттестіріп ұстаңыз және құралға аздап
қысым түсіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ажарлағыш төсем жүктемемен жұмыс
істегенде, сағат тілі бағытымен айналады,
бірақ жүктемесіз жұмыс істегенде, сағат
тіліне қарсы бағытта айналуы мүмкін.
Жылтырату жұмыстары
BO5041 үлгілері үшін
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Makita түпнұсқа сорғыш төсемін, киіз төсемін
немесе жүн төсемін (қосымша керек-
жарақтар) пайдаланыңыз.
Жұмыс беттерінің қалыптан тыс қызып
кетуіне жол бермеу үшін құралды әрдайым
төмен жылдамдықпен пайдаланыңыз.
Құралға ешқашан күш түсірмеңіз. Шамадан
тыс қысым түсіру жылтырату тиімділігін
төмендетіп, моторға артық жүктеме түсіреді,
нәтижесінде құрал ақауларының туындауына
әкеледі.
1. Балауыз қолдану
► Сурет20: 1. Сорғыш төсем
Қосымша сорғыш төсемді пайдаланыңыз.
Сорғыш төсемге немесе жұмыс бетіне балауыз
жағыңыз. Балауызды тегістеу үшін құралды
төмен жылдамдықпен пайдаланыңыз.
21 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bo5041

Table of Contents