Makita DMR108N Instruction Manual page 94

Job site radio
Hide thumbs Also See for DMR108N:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
8. Аккумуляторлық батареяны тек арнайы
белгіленген батарея блогымен пайдалану керек.
Басқа батареяларды пайдалану өрт қаупін
тудыруы мүмкін.
9. Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны
қағазды қыстырғыш, тиын, кілт, шеге, бұранда
немесе түйіспелерді бір-біріне қосатын басқа
металл заттардан алшақ жерде сақтаңыз.
Батареяның түйіспелерінің қысқа тұйықтауы
ұшқынның шығуы, күйіп қалу немесе өрт қаупін
тудырады.
10. Құбырлар, радиаторлар, плиталар және
тоңазытқыштар сияқты жерге қосылған беттерді
денеге тигізбеңіз. Денеңіз жерге қосылған
жабдықтарға тиген жағдайда электр тогынан
жарақат алу қаупі артады.
11. Зиянды жағдайларда батареядан сұйықтық
шығуы мүмкін, оны ұстауға болмайды. Егер
байқамай ұстап қойсаңыз, сумен жуыңыз. Егер
сұйықтық көзіңізге тисе, дәрігердің көмегіне
жүгініңіз. Батареядан шыққан сұйықтық теріні
тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
12. Зақымдалған немесе өзгеріс енгізілген батарея
блогын немесе құралды пайдалануға болмайды.
Зақымдалған немесе өзгеріс енгізілген
батареялар өртке, жарылысқа немесе жарақат
алу қаупін тудыратын күтпеген әрекеттерге әкелуі
мүмкін.
13. Батарея блогын немесе құралды оттың немесе
жоғары температураның әсері бар ортада
ұстауға болмайды. Оттың немесе 130°C
жоғары температураның әсері бар ортада ұстау
жарылысқа әкелуі мүмкін.
14. Барлық қуаттау нұсқауларын орындаңыз және
батарея блогын немесе құралды нұсқауда
берілген температурадан асатын ортада
қуаттамаңыз. Дұрыс емес немесе нұсқаулықта
берілген температурадан асатын диапазонда
қуаттау батареяны зақымдауы және өрт қаупін
арттыруы мүмкін.
ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ САҚТАП ҚОЮ
КЕРЕК
БАТАРЕЯ КАРТРИДЖІНЕ
ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Батарея картриджін пайдаланар алдында
барлық нұсқауларды және батареяны қуаттаушы
құрылғыдағы (1), батареядағы (2) және
батареяны пайдаланатын өнімдегі (3) ескерту
белгілерін оқып шығыңыз.
2. Батарея картриджін бөлшектемеңіз.
3. Егер жұмыс істеу уақыты айтарлықтай
қысқартылса, оны пайдалануды дереу
тоқтатыңыз. Бұл қатты қызу, күйдіру және тіпті
жарылу қаупін тудыруы мүмкін.
4. Егер көзіңізге электролит түсіп кетсе, оны таза
сумен жуып, дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
Бұл көздің көрмей қалуына әкелуі мүмкін.
5. Батарея картриджін қысқа тұйықтауға болмайды:
(1) Кез келген өткізгіш материалмен
клеммаларды ұстауға болмайды.
(2) Батарея картриджін шеге, тиын, т.б. металл
заттармен бірге бір контейнерде сақтауға
болмайды.
(3) Батарея картриджін сулауға немесе
жаңбырдың астына қалдыруға болмайды.
Батареядағы қысқа тұйықталу үлкен ток
ағынына, қатты қызуға, күйіп қалуға және
тіпті жұмыстың тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.
6. Құралды және батарея картриджін температура
50°C (122°F) градусқа жететін немесе одан
асатын жерде сақтауға болмайды.
7. Батарея картриджін, ол қатты зақымдалған
немесе мүлдем тозған болса да, өртеуге
болмайды. Батарея картриджі өртенгенде
жарылуы мүмкін.
8. Батарея картриджін шегелеуге, кесуге,
сындыруға, лақтыруға, құлатуға немесе қатты
затқа соғуға болмайды. Бұндай жағдайда ол
өртеніп кетуі, қызып кетуі немесе жарылып кетуі
мүмкін.
9. Зақымдалған батареяны пайдалануға болмайды.
10. Қауіпке жол бермеу үшін пайдаланар алдында
батареяны ауыстыру нұсқаулығын оқу қажет.
Батареяның максималды разрядты тогы 8А тең
немесе одан жоғары болуы тиіс.
11. Литий-ионды батареяларға Қауіпті тауарлар
заңнамасы қолданылады.
12. Батарея картриджін кәдеге жаратқан кезде оны
құралдан алып тастап, қауіпсіз жерде кәдеге
жаратыңыз. Батареяны кәдеге жарату туралы
жергілікті ережелерді сақтаңыз.
13. Батареяларды тек Makita белгілеген өнімдермен
пайдалану керек. Батареяны талаптарға сәйкес
емес өнімдермен пайдалану өртке, қатты қызуға,
жарылысқа немесе электролиттің ағып кетуіне
әкелуі мүмкін.
14. Құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса, батареяны
құралдан алып тастау керек.
15. Пайдалану барысында және пайдаланып
болғаннан кейін батарея картриджі қызып кетіп,
нәтижесінде күйіп қалуыңыз немесе төмен
температура жағдайында күйік алуыңыз мүмкін.
16. Пайдаланылып болған құрылғы клеммасын
94 Қазақ тілінде

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents