Bosch AXT Rapid 2000 Original Instructions Manual page 151

Blade shredder
Hide thumbs Also See for AXT Rapid 2000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
Симптомдар
Мүмкін болған себептер
Кесу пышағы
Қосу пышағы бұғатталып қалған
айналмай тұр
Пышақ сомыны/пышақ бұрандасы дұрыс
бекітілмеген
Қатты вибрациялар/
Пышақ сомы/пышақ бұрандасы дұрыс
шуылдар
бекітілмеген
Кесу пышағы зақымданып бұзылған
Құрал ішінен бұзылып зақымдалған
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Техникалық жұмыстарды өткізу және тазалау
Ескерту! Жөндеу немесе тазалау жұмыстарын
u
өткізу алдында алдымен бақ электрбұйымын
өшіріп, электр тоқ айырын розеткадан шығарып
алыңыз. Электр тоққа қосу кабелінің зақымданып,
кесіліп немесе оралып қалғанында да
жоғарыдағыдай әрекеттеніңіз.
Бақ қайшысымен жұмыс істегеніңізде немесе
u
күту/тазалау жұмыстарын өткізгіңіз келгенде
әрқашан қорғау қолғапшаларын киіп жүріңіз.
Бақ құралында пышақтардың бос немесе зақымданған
қалыпта болуы, жалғамалардың бос болуы немесе
бөлшектердің тозып немесе зақымданған қалыпта болуы
сияқты көзбен көріне алатын қателер мен ақаулықтардың
бар не жоқ болуын үнемі тексеріп отырыңыз.
Жапқыштар мен қорғау құрылғыларының зақымдалмай
және дұрыс түрде орнатылғандарына көз жеткізіңіз.
Құралды іске қосып қолдану алдынан, керек болса,
керекті күту немесе жөндеу жұмыстарын өткізіңіз.
Бақ құралы, мұқият өндіру және тексеру жұмыстарына
қарамастан істен шығып қалып қалса, жөндеу жұмыстары
тек қана Bosch компаниясының құралдарын жөндеу үшін
рұқсаты бар арнайы техникалық қызмет көрсету
орталығы арқылы өткізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Bosch Power Tools
Көмек
Бұғаттарды жойыңыз
Пышақ сомын/пышақ бұрандасын бекітіңіз
Пышақ сомын/пышақ бұрандасын бекітіңіз
Кесу пышағын ауыстырыңыз
Bosch компаниясының уәкілетті техникалық
қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Пышақты күту (I суретін қараңыз)
Кесу пышағының (10) екі жағында да кесу жиегі бар.
Кесу пышағының (10) кесу жиектері дөкір болып қалса
кесу пышақты (10) бұрып пайдалануыңызға болады.
Кесу пышағының бұрандасын қайта пайдалануға болады.
Кесу пышағын (10) ауыстырғаннан кейін оның
бұрандасы аса нық бекітіліп қойылғанына көз жеткізіңіз.
Кесу пышағының (10) кесу жиектерінің екеуі де дөкір
болып қалса кесу пышақты (10) ауыстырыңыз. Жаңа кесу
пышағы (10) қосалқы бөлшек ретінде ұсынылады.
Құралдың жеткізілім көлемінде болған, кесу пышақ үшін
арналған бұранданы пайдаланыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Қазақ | 151
F 016 L94 416 | (10.10.2023)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Axt rapid 2200

Table of Contents