Bosch Professional GBM 50-2 Original Instructions Manual page 209

Hide thumbs Also See for Professional GBM 50-2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп
қалады. Магнит белсенді күйде қалады.
– Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін қозғалтқыш
ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.
Электр құралымен қайтадан жұмыс істемес бұрын
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
– Бітелуі мүмкін жерлерді тазартыңыз. Алмалы-салмалы
аспап қысылса, солға айналу функциясын
пайдалануға болмайды.
– Электр құралын шамамен 1 минут ішінде жұмыс
істетіңіз де, ол қайтадан пайдалануға дайын болады.
Артық жүктеме индикаторы
Артық жүктеме индикаторы (6) қосылған электр
құралына артық жүктеме түскені туралы ескертеді.
Үздіксіз жарық,
артық жүктеме жоқ
жасыл
Үздіксіз жарық, сары ауыр жүктеме
– беріліс жылдамдығын
азайтыңыз
Жыпылықтайтын
өте ауыр жүктеме,
жарық, қызыл
– беріліс жылдамдығын
азайтыңыз немесе
қозғалтқышты өшіріңіз,
әйтпесе артық жүктемеден
қорғаныс іске қосылады
Айналу жиілігін орнату
Жұмысты бастаудан бұрын дұрыс айналу жиілігін
u
орнатыңыз. Айналу жиілігі бұрғы диаметрі мен
бұрғыланатын материалға сай болуы керек. Айналу
жиілігі қате орнатылған болса, электр құралы
зақымдалуы немесе дайындамада тұрып қалуы
мүмкін.
Механикалық берілісті таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышын (19) электр құралы
u
тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (19) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.
I беріліс:
үлкен бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған
төменірек айналу жиілігінің диапазоны.
II беріліс:
шағын бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған
жоғарырақ айналу жиілігінің диапазоны.
– Құлыптан босату түймесін (18) басып, беріліс
ауыстырып-қосқышын (19) қажетті күйге бұраңыз.
– Беріліс ауыстырып-қосқышы бұрылмаса, алмалы-
салмалы аспапты азғантай бұрап, содан кейін қажетті
күйге ауыстырыңыз.
Айналу жиілігін реттеу
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
Bosch Power Tools
Қажетті айналу жиілігі пайдаланылатын алмалы-салмалы
аспапқа және өңделетін материалға тәуелді. Бұл бұрғылау
кезінде алмалы-салмалы аспаптың қатты қызуына жол
бермейді және жоғары бұрғылау сапасын қамтамасыз
етеді.
Айналу жиілігін алдын ала
таңдау
−1
I беріліс: 50–255 мин
−1
II беріліс: 100–510 мин
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Дайындаманың сипаты
Электр құралының магнитпен ұстау күші
u
дайындаманың қалыңдығына айтарлықтай
байланысты болады. Ең қатты магнитпен ұстау
күші кем дегенде 20 мм қалыңдыққа ие жұмсақ
болатта қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: қалыңдығы азырақ болатын болатта бұрғылау
кезінде магниттік тірек тақтасының астына қосымша
болат тақтаны (минималды өлшемдері 100 x 200 x
20 мм) орналастыру керек. Болат тақтаны түсіп қалудан
бекітіңіз.
Жалпы нұсқаулар
Электр құралын бас үстінен немесе көлденең емес
u
жазықтықтарда жұмыс істеген кезде
сақтандырғыш таспамен бекітіңіз. Ток үзілген
немесе ауыр жүктеме түскен жағдайда, магнитпен
ұстау күші сақталмайды. Электр құралы түсіп қалып,
жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспап қысылған жағдайда,
u
қозғалтуды жалмастырмай, құралды өшіріңіз.
Қысылып қалудың себебін тексеріп, алмалы-салмалы
аспаптың қысылу себебін жойыңыз. Солға айналу
функциясын пайдаланбаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын әрдайым суыту
u
сұйықтығы жүйесінің барлық бөліктерін
тексеріңіз. Еш жағдайда зақымдалған бөліктерді
пайдаланбаңыз.
Суыту сұйықтығын жұмыс аймағындағы құрал
u
бөліктерінен және адамдардан алшақ ұстаңыз.
Дайындаманың үстіңгі беті тегіс және таза болуы керек.
Қатты тегіс емес жерлерді, мысалы, пісіру
шашырандыларын тегістеп, босаған тотты, кірді және
майды кетіріңіз. Магниттің ұстау күші тек тиісті
жазықтықтарға қолданылады.
Электр құралының қозғалтқышын магнит қосылғанда ғана
іске қосуға болады. Бұрғылаудан бұрын магнит күшінің
күйін (21) тексеріп шығу керек.
Қазақ | 209
Алмалы-салмалы
аспап
Бұрғылау коронкасы
(диаметрі 35–50 мм),
таңбалауыш
Шиыршық бұрғы,
бұрғылау коронкасы
(диаметрі < 35 мм)
1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0 601 1b4 020

Table of Contents