Bosch Professional GBM 50-2 Original Instructions Manual page 208

Hide thumbs Also See for Professional GBM 50-2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
208 | Қазақ
Жұмыс істеуге дайындық
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) электр
u
құралы тоқтатылып тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
– Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
жоғары қарай "R" күйіне басыңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты
төмен қарай "L" күйіне басыңыз.
Нұсқау: солға айналу бағытын бұрғылау үшін
пайдалануға болмайды.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы
Электр құралын әр іске қосудан бұрын жылыстау тогынан
қорғаныс автоматының жұмысын тексеріңіз!
– Магниттің ажыратқышы (20) "0" күйінде болғанына көз
жеткізіңіз.
– Желілік ашаны салып, жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (15) RESET түймесін индикатор (16)
қызыл түспен жанғанша басыңыз.
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15)
TEST түймесін индикатор (16) сөнгенше басыңыз.
Индикатор (16) сөнбесе, бұл жылыстау тогынан
қорғаныс автоматының ақаулы және оны жөндеу
қажет екендігін білдіреді. Электр құралын
пайдаланбаңыз!
– Индикатор (16) сөнгеннен кейін RESET түймесін
қайтадан басыңыз.
– Индикатор (16) қызыл түспен жанып тұрса, құралды
орналастырыңыз (қараңыз „Электр құралын тиісінше
орналастыру", Бет 208).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын ток көзінен
u
әр ажыратқан сайын электр құралын қайта
пайдаланбас бұрын осы сынақты қайта орындау
қажет болады.
Нұсқау: жылыстау тогынан қорғаныс автоматы кем
дегенде 10 мА шамасындағы ток соғудан қорғайды.
Электр құралын тиісінше орналастыру
Лазерлік крест дәл бұрғылау орнын көрсетеді.
– Лазер блогын ажыратқышпен (7) қосыңыз.
– Электр құралын дайындама үстіне орналастырып, оны
лазерлік кресттің көмегімен дайындама белгісімен
туралаңыз.
– Магнит ажыратқышын (20) жоғары қарай басып,
электр құралы дайындама бетінде ұсталғанына көз
жеткізіңіз.
– Қажет болса, электр құралын сақтандырғыш таспамен
(42) бекітіңіз.
Сақтандырғыш таспаны монтаждау (C суретін
қараңыз)
Қиғаш немесе тік күйде немесе бас үстінен
u
орындалатын кез келген жұмыстар кезінде электр
құралын жинақтағы сақтандырғыш таспамен түсіп
қалудан сақтаңыз.
Пайдаланбас бұрын сақтандырғыш таспаның
u
ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз. Еш
1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)
жағдайда зақымдалған сақтандырғыш таспаны
пайдаланбаңыз, оны дереу алмастырыңыз.
– Сақтандырғыш таспаны (42) электр құралына
мүмкіндігінше саңылаусыз бекітіңіз.
– Таспаны бекіткіш арқылы (11) өткізіп, дайындамаға
қойыңыз.
– Сақтандырғыш таспаны тіреуіш механизмнің (40)
көмегімен тартыңыз.
– Сақтандырғыш таспаны босату үшін тіреуіш
механизмдегі ысырманы (41) басып, таспаны тартып
шығарыңыз.
– Сақтандырғыш таспаны электр құралы сырғыған
жағдайда өзіңізден ары жылжитындай етіп
орналастырыңыз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (D суретін қараңыз)
Қос иін төлкесіндегі (5) бұрғылау тереңдігінің шкаласы
(43) қажетті бұрғылау тереңдігін анықтауға мүмкіндік
береді.
Бұрғылау тереңдігін шкаладағы сызықтарға сәйкес
реттеуге болады. Шағын сызықтардың арасында 1 мм, ал
үлкен сызықтардың арасында 10 мм бар.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу
– Электр құралын орналастырып бекітіңіз.
– Электр құралын іске қосу үшін қозғалтқыш
ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.
Нұсқау: электр құралын магнит алдын ала қосылған
болса ғана қосуға болады.
Өшіру
– Электр құралын өшіру үшін қозғалтқыш
ажыратқышын (9) "0" күйіне басыңыз.
– Электр құралы толық тоқтағанша күтіңіз.
– Магнитті өшіру үшін магнит ажыратқышын (20) төмен
қарай басыңыз.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
– Қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "I"
күйіне басыңыз.
Нұсқау: ток берілуі қалпына келсе, жылыстау тогынан
қорғаныс автоматындағы (15) RESET түймесін басыңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15)
индикатор (16) қызыл түспен жанған соң магнит
автоматты түрде қосылады.
Артық жүктемеден қорғаныс
Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен
жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр
құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0 601 1b4 020

Table of Contents