Samsung 6 series User Manual page 182

6 series
Hide thumbs Also See for 6 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Кеңейтілген функциялары
Желі параметрлерін орнату
(Samsung параметрлерді автоматты
түрде орнату)
Бұл функция, параметрлерді автоматты түрде
конфигурациялау функциясына қолдау көрсететін кіру
протоколдарында жұмыс істейді. Бұндай кіру протоколы
болмаған жағдайда, PBC (WPS) арқылы немесе қолдан
қосыла аласыз.
Бұл функция
SWL(Samsung Wireless Link) режимі
On қалпына қойылғанда жұмыс істейді.
Samsung автоматты түрде конфигурациялау
функциясына қолдау көрсететін құрылғы түрлерін
www.samsung.com торабынан қарауыңызға болады.
Параметрлерді Samsung автоматты түрде
конфигурациялау функциясымен орнату
1. Кіру протоколы және теледидарды қатарластыра
қойыңыз да, іске қосыңыз.
Бағдарламалардың іске қосылатын уақыттары
әртүрлі болғандықтан, 2 минуттай күтуіңіз қажет
болуы мүмкін.
Егер LAN сымы, Samsung автоматты түрде
конфигурациялау кезінде кіру протоколы
құрылғысының WAN ұяшығына жалғанса,
интернет қосылымын тексеретін сынақты өткізе
аласыз. Егер қосыла алмасаңыз, Samsung
автоматты түрде конфигурациялау функциясы
тек AP-ге қатысты (интернет қосылымын
тексермейді) құралдарды ғана тексереді.
2. 2 минут өткеннен кейін Samsung сымсыз LAN адаптерін
теледидарға жалғаңыз. Samsung сымсыз LAN адаптері
орнатылғаннан кейін, қалқымалы терезе ашылады.
3. Қосылым тұрақтанғаннан кейін, AP құралы мен
Samsung сымсыз LAN адаптерін араларына 25см-ден
артық орын қалдырмай параллель қойыңыз.
4. Қосылым автоматты түрде орнағанша күтіңіз.
Қосылым жүзеге аспаса, кіру протоколын қайта
баптаңыз да, қайта қосып көріңіз.
Егер Samsung автоматты түрде
конфигурациялау функциясы теледидарды кіру
протоколы құралына қоса алмаса, бейнебетте
қалқымалы терезе көрсетіледі де, қосылымның
жүзеге аспағанын хабарлайды. Кіру протоколы
құралын қайта баптаңыз да, қайта қосып
көріңіз. Қосылым қайта сәтсіз болса, қосылым
тәсілдерінің басқа біреуін таңдаңыз: PBC (WPS),
автоматты түрде немесе қолдан орнату.
5. Қосылым жүзеге асқаннан кейін, ортақтастырғышты
қалаған жерге қойыңыз.
Егер кіру протоколы параметрлері өзгерсе
немесе кіру протоколы құралын сатып алғаннан
кейін бірінші рет қолданып тұрсаңыз, онда
параметрлерді 1-ші қадамнан бастап қайта
орнатуыңыз керек.
26
Қазақша
Желі параметрлерін орнату (PBC (WPS))
PBC (WPS) арқылы орнату
Егер роутер құрылғысында PBC (WPS) түймешігі бар болса,
мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Теледидарыңызды LAN желісіне алдыңғы тараудағы
нұсқауларға сай жалғаңыз.
2.
Теледидарыңызды қосыңыз да, қашықтан басқару
пультіндегі
MENU
түймешігін басыңыз, ▲ немесе ▼
түймешігін қолданып Setup мәзірін таңдаңыз да, содан
кейін ENTERE түймешігін басыңыз.
3.
▲ немесе ▼ түймешігін қолданып, Setup мәзірінен
Network параметрін таңдаңыз да, содан кейін ENTERE
түймешігін басыңыз.
4.
Network бейнебетінен Network Type параметрін
таңдаңыз.
5.
Network Type режимін Wireless қалпына қойыңыз.
6.
Network Setup таңдаңыз. Network Setup бейнебеті
көрсетіледі.
Network Setup
Select a network
Internet Protocol Setup
IP Address
Subnet Mask
Gateway
DNS
DNS Server
7.
Қашықтан басқару пультіндегі қызыл түймешікті басыңыз.
8.
Роутердің PBC (WPS) түймешігін 2 минуттың ішінде
басыңыз. Теледидарыңызға автоматты түрде желі
параметрлерінің мәндері тағайындалады да, теледидар
желіге қосылады.
9.
Желі қосылымы параметрлері орнағаннан кейін,
NETWORK SETUP
бейнебетінен шығу үшін Return
түймешігін басыңыз.
Желі параметрлерін орнату (Auto)
Көпшілік сымсыз желілердің, желіге кіріп "Қатынасу коды"
немесе "Қауіпсіздік коды" деп аталатын құпияланған
қауіпсіздік кодын жіберу үшін желіге қатынасатын құралдарды
қажет ететін қауіпсіздік жүйелері болады. Қауіпсіздік кілті,
әдетте сөз немесе қаріп немесе сандардың белгілі бір
тізбегінен тұратын фразаға негізделеді, әдетте жүйе бұны
сізден сымсыз желіні орнатып жатқанда көрсетуді сұрайды.
Желіні орнатудың осы тәсілін қолдансаңыз және қауіпсіздік
кілтін қолданып желіні сымсыз орнатсаңыз, параметрлерді
орнату барысында қауіпсіздік фразасын көрсетуіңіз қажет.
Автоматты қосылым параметрін орнату
Сымсыз желіні автоматты түрде орнату үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1.
Жоғарыда "PBC (WPS) арқылы орнату" тармағында
көрсетілген 1 - 6-шы қадамдарды орындаңыз.
2.
▼ түймешігін басып, Internet Protocol Setup мәзірін
таңдаңыз да, содан кейін ENTERE түймешігін басыңыз.
▲ немесе ▼ түймешігі арқылы Auto параметрін таңдап,
содан кейін ENTERE түймешігін басыңыз.
: Not Selected
: Auto
:
:
:
:
Auto
:
U Move E Enter R Return

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents