Download Print this page

Huawei FRA-B19 Quick Start Manual page 18

Hide thumbs Also See for FRA-B19:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 4
заттармен бірге сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз.
Пайдалану және қауіпсіздік
• Қолайлы температура ауқымы: -10°C - +45°C.
• Кейбір сымсыз құрылғылар есту құралдарының немесе кардиостимулятордың өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Қосымша
ақпарат алу үшін қызмет жеткізушіге хабарласыңыз.
• Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен
кардиостимулятор арасында ең аз 15 см қашықтық сақталуын ұсынады. Егер кардиостимулятор пайдаланылса,
құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы қалтаңызда тасымаңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін көлік жүргізу
барысында сымсыз құрылғыңызды пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны және батареяны қатты ыстық көзінен және тікелей күн сәулесінен алыс сақтаңыз. Оларды микротолқынды
пештер, пештер немесе радиаторлар сияқты жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге,
өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы
күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп
болуы мүмкін.
• Құрылғының бөліктеріне немесе ішкі схемаларын зақымдап алмау үшін оны шаң, түтін, дымқыл немесе лас орталарда
немесе магниттік өрістердің жанында пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті, мұнай базасы немесе
химиялық зауыт) пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда пайдалану жарылыс
немесе өрт қаупін арттырады.
• Балалар осы өнімді пайдаланса немесе оған тисе, ересектің бақылауы ұсынылады.
• Құрылғы жұмысы медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және құрылғы өндірушісіне
хабарласыңыз.
• Қуат адаптері IEC60950-1/EN60950-1/UL60950-1 стандартарының 2.5 тармағына сәйкес екеніне және ұлттық немесе
жергілікті стандарттарға сәйкес сыналғанына және мақұлданғанына көз жеткізіңіз.
• Өнім күнделікті пайдалануға үйлесімді, әсіресе салмағы, дене пішіні, денедегі майы және бұлшықет массасы туралы
көбірек білуді қалайтын адамдарға арналған. Ол қамтамасыз еткен деректер тек жеке анықтама беруге арналған және
медициналық емге немесе медициналық диагностика негізі ретінде қолдануға арналмаған әрі емханаларда немесе
ауруханалар сияқты басқа медициналық мекемелерде пайдаланылмауы керек.
• Құрылғыны қауіпсіз және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету және дұрыс жою әдісін үйрену үшін құрылғыны
пайдаланудан бұрын барлық қауіпсіздік туралы ақпаратты мұқият оқыңыз.
15
15

Advertisement

loading