Samsung Series 5+ User Instructions page 68

Hide thumbs Also See for Series 5+:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Эл. нұсқаулықты қолдануға қатысты толық ақпарат алу үшін (б. 14)
Аталмыш пайдаланушыға арналған нұсқаулықтағы суреттер мен сызбалар тек жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар құрылғының
нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Өнімнің дизайны мен техникалық сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
1. Сандық теледидар (DVB) функциялары тек DVB-T (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті сигналдары таратылатын немесе DVB-C
(MPEG2 және MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды кабельдік телевизия қызметі көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T
немесе DVB-C сигналдарын қабылдау мүмкіндігінің бар-жоғын білу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.
2. DVB-T дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық сигналдарды кабельдік теледидар арқылы
қабылдау бойынша DVB Еуропалық консорциум стандарты болып табылады. Дегенмен, EPG (Бағдарламалардың Электрондық
Нұсқаулығы), VOD (Сұраныс бойынша Видео) тағы сол сияқты ерекше функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан
оларға осы сәтте қолдау көрсетілмейді.
3. Бұл ТД, DVB-T және DVB-C соңғы стандарттарына [Тамыз, 2008] сай жасалса да, аталмыш теледидарға бұдан кейін шығатын DVB-T
сандық жерүсті және DVB-C кабельдік теледидар таратылым сигналдарын қолдайды деген кепілдік берілмейді.
4. ТД қолданылатын ел/аймақ түрлеріне қарай, кейбір кабельдік теледидар қызметінің провайдерлері көрсеткен қызметтері үшін қосымша
төлемақы алуы және олардың көрсететін қызмет шарттарына келісім беру қажет болуы мүмкін.
5. Кейбір елдерде немесе аймақтарда сандық ТД-дың кей функциялары жұмыс істемеуі және кабельдік теледидар провайдерлерінің
кейбірі DVB-C қызметін дұрыс көрсете алмауы мүмкін.
6. Қосымша ақпаратты жергілікті Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
Теледидардың сигналдарды қабылдау сапасына елдер арасындағы сигнал тарату тәсілдерінің әр түрлі болуы әсер етуі
мүмкін. ТД-дың қалай жұмыс жасайтынын жергілікті SAMSUNG уәкілетті дилеріне немесе Samsung байланыс орталығына
хабарласып, оны ТД-ды қайта теңшеу арқылы реттеуге болатын-болмайтынын тексеріңіз.
• Бейнебетте "бейненің қалып" қоюы
Плазмалы бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, видео ойын) бірнеше минуттан артық көрсетуге болмайды, себебі бейнебетте бейне
қалып қоюы мүмкін. Бейненің бейнебетте бұлайша қалып қоюы "бейнебеттің жанып кетуі" деген атпен де мәлім. Бейне осылайша қалып
қоймас үшін, бейнебеттің жарықтылығы мен контраст деңгейін қимылсыз суретті көрсеткен кезде азайтыңыз.
• Плазмалы теледидардың үстіңгі жағының қызуы
Ұзақ уақыт іске қосылып тұрған өнімнің үстіңгі жағы қызып кетуі мүмкін, себебі панель арқылы өнімнің үстіңгі жағындағы саңылаулардан
қызу шығады.
Бұл қалыпты жағдай және өнімнің ақауы немесе өнім жұмысында ақау бар екенін көрсетпейді.
Дегенмен, өнімнің үстіңгі жағына балалардың қол тигізуіне жол бермеңіз.
• Өнімнен "сыртылдаған" дыбыс шығады.
"Сыртылдаған" дыбыстың шығуына, қоршаған ортаның температурасы немесе ылғалдылығы тәрізді параметрлерінің өзгеруіне
байланысты, өнімнің тартылуы немесе ісінуі себеп болады. Бұл қалыпты жағдай және өнімнің ақауы бар дегенді білдірмейді.
• Ұяшық ақауы
ПБП панелін жасау үшін күрделі технология бойынша жасалатын 2,360,000(HD-деңгейі) бастап, 6,221,000(FHD-деңгейі) дейінгі
пикселдерден тұратын панель қолданылады. Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл
пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
• Теледидарды температурасы 41°F (5°C) төмен жерлерде қолданудан сақ болыңыз
• Қимылсыз бейнені ұзақ уақыт қарау, ПБП панелін біржола ақауға ұшыратуы мүмкін.
Плазма теледидарын 4:3 пішімінде ұзақ уақыт қарау, бейнебеттегі жарық сәулелерінің әр түрлілігіне байланысты орын
алатын, бейнебеттің сол, оң жағы мен ортасында жиек іздерінің қалып қоюына әкеліп соғуы мүмкін. DVD не видео-
ойын құрылғысын ойнату да, бейнебетке осылайша әсер етуі мүмкін.
Жоғарыда айтылған себептер негізінде орын алған ақаулықтар кепілдікке кірмейді.
• Бейнебетте қалып қойған суреттер.
Видео ойындар немесе ДК арқылы бейнебетте қимылсыз суретті нақты бір мерзімнен ұзақ көрсету, кескіннің бейнебетте жартылай
қалып қоюына әкелуі мүмкін.
Бұндай әсер орын алмас үшін қимылсыз бейнені ұзақ көрсетер кезде 'жарықтылық' пен 'контраст' деңгейлерін азайтыңыз.
• Кепілдік
Кепілдік бейненің қалып қоюына байланысты орын алған ақаулықты қамтымайды.
Бейнебеттің "жанып кетуі" кепілдікке кірмейді.
Осы өнімді дұрыс тастау (Қолданыстан шыққан электр & және электроника бөлшектері)
(Еуропалық одақ елдері мен басқа қоқыс тастау жүйесін қолданатын Еуропа елдеріне қатысты)
Өнімдегі, оның керек-жарақтары немесе ілеспе кітапшасындағы белгі, осы өнім мен оның электроникалық керек-
жарақтарын (мысалы, зарядтағыш құралы, құлақаспабы, USB сымы), қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін басқа
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамау керек дегенді білдіреді. Қалдық дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған
ортаға немесе адамдардың денсаулығына келетін зиянның алдын алуға және материалдық ресурстарды қайтадан
қажетке жаратуға өз үлесіңізді қосу үшін бұндай заттарды басқа қоқыс түрлерінен бөлектеп, қалдық өнімдерді қайта
өңдеуден өткізетін жерге апарып тапсырыңыз. Тұрмыстық құрылғыны қолданушылар, осы заттарды қоршаған ортаға
залалсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін осы құрылғыны қайда апарып тапсыру, қалай тапсыру туралы егжей-
тегжейлі ақпаратты, осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті мекемеге хабарласып алуына
болады. Коммерциялық мақсатта қолданушылар, өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының
талаптарымен танысуы керек. Осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын басқа да коммерциялық
өнімдердің қалдықтарымен араластырып тастауға болмайды.
Осы өнімнің батареяларын дұрыс тастау
(Еуропалық одақ елдері мен батареяны басқаша тастау жүйесін қолданатын Еуропа елдеріне қатысты)
Батареядағы, нұсқаулық немесе орамдағы мына белгі, осы өнімнің батареяларын, қолданыстан шыққаннан кейін
басқа да тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Егер батареяда Hg, Cd немесе Pb
тәрізді химиялық элементтердің белгілері көрсетілсе, онда аталмыш батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасынның
мөлшері, Еуропалық Одақтың 2006/66 ережесінде ұсынылған деңгейден артық екендігін білдіреді. Батареяларды
дұрыс тастамаған жағдайда, бұл элементтер адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Табиғи
ресурстарды қорғап, материалдарды қайта қолдануға өз үлесіңізді тигізу үшін, батареяларды басқа қоқыстардан бөліп,
таусылған батареяларды қабылдайтын жергілікті мекемеге тапсырыңыз.
[PE550-RU]BN68-04057H-LPRL04.indb 2
Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру
Пайдаланушыға арналған нұсқаулар
Казақ - 2
2012-02-18
12:09:56

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ps51e550dPs60e550d

Table of Contents