Samsung CY-SWC1000A User Manual page 16

Wireless charger
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Сымсыз зарядтағыш (Үлгісі: CY-SWC1000A )
Пайдаланушы нұсқаулығыl
1. Өнімнің жалпы сипаттамасы
Бұл құрал 3D Active көзілдірігін сымсыз зарядтауға мүмкіндік береді. Құралды зарядтау
үшін, осы құралды 3D Active көзілдірігімен бірге қолдану керек.
2. Бөлшектерінің атаулары және керек-жарақтар
Керек-жарақтар : Сымсыз зарядтағыш, адаптер, АТ-сымы, пайдаланушы нұсқаулығы,
Феррит қалқаны
Қуат тетігі және LED шамы
шығыңқы шығырық
3. Қолдану тәсілі
y y
Құралдың артқы жағындағы адаптерге қуат сымын жалғаңыз.
y y
Құрылғымен бірге жеткізілген адаптерді АТ қуат сымына жалғаңыз.
y y
Құрылғының үстіңгі жағындағы LED шамы қызыл түспен жанып тұрғанда қуат тетігін шамалы
бассаңыз, LED жасыл түспен жанады да, құрылғы зарядтау режиміне ауысады. Осы кезде
алдыңғы жақтағы көк LED шамы баяу жыпылықтай бастайды. Зарядтау режимі кезінде,
үстіңгі жақтағы жасыл LED шамы жанып, алдыңғы жақтағы көк LED шамы жыпылықтап
үрдісті оңай анықтауға көмектеседі. (Бұл өнім тоқ сөніп қалса да, соңғы параметрлерді
сақтап қалатын "соңғы жады функциясымен" жабдықталған. Тоқ соңғы рет сөнген кездегі
үрдіске сай LED шамы жасыл түспен жанып тұруы мүмкін. Жасыл LED шамы құрылғының
әлдеқашан зарядтау режимінде тұрғанын көрсетеді, сондықтан да бұндай жағдайда, қуат
түймешігін баспай келесі қадамға өтіңіз.)
y y
Зарядтау режимінде сымсыз зарядтау функциясына қолдау көрсететін құралды зарядтай
бастау үшін, оны құрылғының тиісті жеріне қойыңыз. Зарядтау автоматты түрде басталады.
Келесі сымсыз зарядтау режиміне қолдау көрсететін құралдарды ғана қолдануды ұсынамыз.
Сымсыз зарядтау режиміне қолдау көрсететін, жеке сатылатын 3D Active көзілдірігін
y
(SSG-3300GR, SSG-3300CR, SSG-3700CR) зарядтау үшін, көзілдірікті суретте
көрсетілгендей, алдыңғы жағын сыртқа қаратып шығыңқы шығырыққа орналастырыңыз.
Осы кезде, көзілдіріктің заряд алу үрдісін 3D Active көзілдірігінің LED шамы арқылы
бақылауды ұмытпаңыз. Егер 3D Active көзілдірігінің LED шамы сөндірулі тұрса,
көзілдіріктің дұрыс қойылмағанын көрсетеді. Егер батарея зарядталып тұрса 3D
көзілдіріктің LED индикаторы жыпылықтайды. Көзілдірікті қызыл LED индикаторы
жыпылықтағанша қозғаңыз. Егер 3D көзілдіріктегі LED индикаторы жасыл түске еніп
жыпылықтаса, батарея толық зарядталған. Көзілдірікті келесі суретте көрсетілген,
ұсынылған аумақтан шығармай орнатқан (нүктелі сызыққа қараңыз) оңтайлы. Көзілдірік
ұсынылған аумақтан тыс қойылса, зарядтау ұзаққа созылуы мүмкін.
Қазақша-16
CY-SWC1000A_Na_L16.indb 16
цилиндр пішінді
үстіңгі жағы
Қолдану ауқымы
шығыңқы
шығырық
y
Зарядтау аяқталса немесе қажет болмаса, үстіңгі жақтағы қуат түймешігін бір рет басыңыз.
Қуат түймешігінің LED шамы қызыл түспен жанып, құрал күту режиміне өтеді. Бұл құрал
қуат үнемдеу үшін режимді автоматты түрде ауыстыру функциясымен жабдықталған. LED
ТТ адаптерінің розеткасы
шамы жасыл түспен жанғаннан кейін шамамен 5 сағат уақыт өткен кезде, құрал автоматты
(астыңғы жақта)
түрде зарядтау режимінен күту режиміне өтеді де, содан кейін LED шамы қызыл түспен
жанады.
LED зарядтау режимі
4. Іске қосуға қатысты сақтық шаралары
y
ˆ
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа құралды зарядтауға кепілдік берілмейді. Осы
құрылғымен бірге қолдануға болмайтын құралдарды қоймаңыз немесе орнатпаңыз.
ˆ
y
Құралдың зарядтау функциясы бұдан былай қажет болмаса немесе құрал толық
зарядталса, қуат түймешігін басып күту режиміне ауысу ұсынылады. Күту режимінде құрал
магнит өрісін бөліп шығармайды және шамалы қуат тұтынады.
ˆ
y
Құрал қуат мөлшерін үнемдеу үшін қуатты автоматты түрде сөндіру функциясымен
жабдықталған. Зарядтау режиміне (жасыл LED шамы) өткеннен кейін шамамен 5 сағаттан
кейін құрал автоматты түрде күту режиміне (қызыл LED шамы) ауысады. Бұл құрылғының
ақауы бар екенін көрсетпейді.
ˆ
y
Бұл өнім тоқ сөніп қалса да, соңғы параметрлерді сақтап қалатын "соңғы жады
функциясымен" жабдықталған. Тоқ сөніп қалса немесе АТ адаптері немесе ТТ ұяшығы
ағытылып қалса, құрал зарядтау режимі немесе күту режимі тәрізді соңғы режимді
жадында сақтайды және тоқ қайта қосылған кезде автоматты түрде сол режимге ауысады.
Бұл құрылғыға қатысты ақау емес.
ˆ
y
Электрлі схема құрылғының астыңғы жағында орналасқандықтан одан қызу бөлінуі мүмкін,
бірақ бөлінетін қызудың мөлшері қауіпсіздік стандарты көрсеткен шектен аспайды және
құрылғыға қатысты ақау болып есептелмейді.
ˆ
y
Бұл құралдан магнит өрісі бөлінеді. Сымсыз құралды (ұялы телефон т.с.с.), контактсыз
картаны немесе байланыс құралын осы өнімнің қасына қоймаңыз. Өнім мен құрал бөгеуіл
туғызуы немесе бүлініп қалуы мүмкін.
ˆ
y
Бұл құрал электр-магнитті резонансты қолданатындықтан, ішкі антенналары өзара бөгеуіл
тудыруы мүмкін. Осы құралды қолданған кезде, құралдарды жанастыра қоюға немесе бір
біріне 30 см жақын қоюға болмайды.
Қолдану ауқымы
(нүктелі сызық)
1.5см (0.6 дюйм)
шығыңқы шығырық
2011-02-17 오후 1:19:15

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents