Bosch GSI 14 CE Original Instructions Manual page 111

Satin-finisher
Hide thumbs Also See for GSI 14 CE:
Table of Contents

Advertisement

OBJ_BUCH-1845-002.book Page 111 Friday, June 14, 2013 12:48 PM
 Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымына
немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін, сондықтан
ықтимал жұмыс кезінде құрылғының оқшауланған
тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металлды
құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі
мүмкін.
 Желі кабелін айнаталын алмалы-салмалы аспаптан
қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды
жоғалтсаңыз, желі кабелі кесіліп немесе ілініп,
алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-
салмалы аспапқа түсіп қалуы мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша
электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп,
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
 Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының
ережелері
 Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып
жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу
шеңберлерінің, тегістеу тәрелкелерінің, сымды
щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі
болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану
айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына
әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу
орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы
жылдамдайды.
Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада
тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу
шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде
шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы
шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері
операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу
шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдары болып табылады.
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
 Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері
соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы
керек. Айналымдар артқан кезде кері соққыларға
немесе реакциялық моменттерге мүмкіндігінше
Bosch Power Tools
жақсы қарсы тұру үшін бар болса қосымша тұтқаны
пайдаланыңыз. Оператор тиісті сақтық шараларының
көмегімен кері соққыларға және реакциялық
моменттерге қарсы тұра алады.
 Қолыңыз айналып жатқан құралдың жанында
болмауы керек. Кері соққы кезінде құрал қолыңызға
жылжуы мүмкін.
 Кері соққы кезінде электр құрал жылжитын
аумақтан ары тұрыңыз. Кері соққы электр құралды
бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына
кері бағытта жылжытады.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері
соққыны тудырады.
 Аралау шынжырларын және аралау полотносын
пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері
соққының немесе электр құралды бақылауды
жоғалтудың себебіне айналады.
Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы туралы арнайы нұсқаулар
 Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын
пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының
өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа
алыңыз. Тегістеу тәрелкесінің жиегінен шығып тұрған
егеуқұм қағазы сыналанудың, жарақаттардың, тегістеу
шеңберінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
 Электр құралын әрдайым алмалы-салмалы
аспаппен пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы
аспабынсыз құрал қауіпті болып, жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Қaзақша | 111
3 609 929 C51 | (14.6.13)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents