Bosch Professional GLL 2-10 G Original Instructions Manual page 125

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте
жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау
ұсынылады
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді
жұмыс істеу үшін барлық
нұсқаулықтарды оқып орындау керек.
Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай
пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген
қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу
құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН
БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
Абай болыңыз – егер осы жерде берілген
u
пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа
құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері
орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
мүмкін.
Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге
u
жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының
суретінде белгіленген).
Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің
u
тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес
бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі
жапсырманы жабыстырыңыз.
Bosch Power Tools
Лазер сәулесін адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз
де тікелей немесе шағылысқан лазер
сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың
көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға
әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
u
басты сәуледен ары қарату керек.
Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту
u
орындамаңыз.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
u
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз
u
пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың
немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы
мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң
u
жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу
құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын
шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын және магниттік керек-
жарақтарды имплантаттардың және
кардиостимулятор немесе инсулин
сорғысы сияқты басқа да медициналық
құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың
магниттері имплантаттардың және
медициналық құрылғылардың жұмысына
әсер ететін өріс тудырады.
Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік
u
дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал
құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен
аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз
жойылуына әкелуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу
және тексеруге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға
арналған.
Қазақ | 125
1 609 92A 8EF | (24.01.2023)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents