Siemens MQ965 Series Instruction Manual page 68

Hide thumbs Also See for MQ965 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
kk
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
Құрылғыны батырмалы жылдам араластырғыш негізгі блогы
байланысатын жерімен сұйықтықтарға батырмаңыз.
Бумен тазалау құралын қолданбаңыз. Құрылғыны ылғалды
қолмен қолдануға болмайды.
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін, оны бақылаусыз
қалдырғанда, құрастырудан, бөлшектеуден немесе тазалаудан
бұрын және ақаулық орын алған жағдайда әрдайым электр
желісінен ажыратыңыз.
W Жарақаттану қаупі бар!
Құрылғыны ешқашан таймер немесе қашықтан басқарылатын
розеткаларға қоспаңыз. Электр қуатымен жабдықтау
тоқтатылғанда, құрылғы қосулы күйде қалып, қуатпен
жабдықтау қалпына келгеннен кейін жұмысын жалғастырады.
Құрылғыны дереу өшіріңіз. Құрылғыны пайдалану кезінде
бақылап тұрыңыз! Құрылғыны ешқашан ас өнімдерін өңдеу
үшін қажетті уақытынан ұзақ уақытқа қоспаңыз. Құрылғыны
қолданғаннан кейін жетектің тоқтағанын күтіңіз. Жұмыс кезінде
жылжытылған керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді
алмастырмас бұрын құрылғыны өшіріп, электр желісінен
ажырату керек. Құралдарды құрылғы тоқтап тұрғанда ғана
орнатуға және алып тастауға болады – құрылғы өшірілгеннен
кейін бірнеше секунд бойы жұмыс істеп тұрады. Құрылғыны бос
жүріс күйінде пайдаланбаңыз. Айналып тұратын бөлшектерін
ешқашан ұстамаңыз. Араластыру аяғындағы пышақты ешқашан
ұстамаңыз. Пышақты ешқашан жалаңаш қолмен тазаламаңыз.
Қылшақты қолданыңыз. Ұзын шаш пен бос киімді айналып
тұратын құралдарға түсіп қалмайтындай қорғаңыз. Құрылғыны
тек түпнұсқа бөлшектермен және керек-жарақтармен бірге
пайдаланыңыз. Тек бірдей түрдегі құралдарды (мысалы, 2
дана илегіш) жұптастырып пайдаланыңыз. Ешқашан құралдар
мен артқы жақтағы саңылауға салынған керек-жарақтарды бір
уақытта пайдаланбаңыз.
W Күйіп қалу қаупі бар!
Ыстық қоспаны өңдеу барысында абай болыңыз. Ыстық қоспа
өңдеу кезінде шашырауы мүмкін.
W Денсаулыққа зиян келтіру қаупі бар!
Құрылғыдағы ластану денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Құрылғыны тазалау бойынша нұсқауларды орындаңыз. Ас
өнімдерімен жанасатын беттерді әр пайдалану алдында тазалау
керек.
68

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mq964 series

Table of Contents