LG HBS-500 User Manual page 35

Bluetooth stereo headset
Hide thumbs Also See for HBS-500:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Көп жақты байланыс
Қосымша көп нүкте
HBS-500 құрылғысы бір уақытта гарнитураға екі құрылғыны қоса алады. Ол
қосылған телефондардың екеуінде де қоңыраулар арасында қоңырау күтуді
пайдалануға еркіндік береді.
Байланыс
- Гарнитураны Bluetooth қолдайтын телефондардың біреуімен
жұптастырыңыз (4-беттегі жұптастыру нұсқауларын қараңыз).
- Құлақаспапты өшіріңіз.
- Қуат өшіп тұрғанда ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІН АЗАЙТУ түймесін басыңыз және
Қолмен жұптастыру режиміне өту үшін 2 секунд MFB түймесін басып
тұрыңыз.
- Гарнитураны Bluetooth қолдайтын басқа телефонмен жұптастырыңыз және
қосыңыз. (Бұл негізгі телефоныңыз болады).
- Бұл гарнитураны жұптастырып, қосқаннан кейін, бастапқыда
жұптастырылған телефонға өтіп, оны гарнитураға қосыңыз. Бұл енді
қосымша телефоныңыз болады.
* ЕСКЕРТПЕ. HBS-500 екі телефонға бір уақытта (көп нүкте) қосылғанда,
гарнитура қоңырау шалу функциялары негізгі телефонда жұмыс істейді.
* ЕСКЕРТПЕ. Негізгі телефонға оңай жұптастыру арқылы қосылмаған
жағдайда HBS-500 жұптастыру режиміне кіреді.
Қоңырау шалу функциясы
- Дауыспен теру және соңғы нөмірлерді қайта теру мүмкіндіктері негізгі
телефонда (немесе соңғы шығыс қоңырауын шалған телефонда) жұмыс
істейді.
Күту режиміндегі қоңырау
- Белсенді қоңырау кезінде сөйлесіп тұрып, кіріс қоңырауына қосылу үшін
MFB түймесін 1 секунд басыңыз.
- 2 белсенді қоңырауды ауыстырып қосу үшін MFB түймесін 1 секунд
басыңыз.
- Белсенді қоңырауды немесе екі қоңырауды да бір уақытта тоқтату үшін
MFB түймесін басып жіберіңіз.
- Егер екі телефон да кіріс қоңырауды қабылдап жатса, гарнитура негізгі
құрылғыға қарай бастапқы қалпына келеді.
Пайдалану әдісі
5

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents