Ескертпе: Құралды сумен шайып жатқанда,
құралдың түбіндегі тесікшеден су кіріп кетуі
мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе және қауіпті емес.
күнделікті: ұстараның қыратын бөлігі мен
шаш жиналатын жері
1
Ұстараны өшіріңіз, адапторды қабырғадағы
розеткадан шығарып, ток сымын ұстарадан
алып тастаңыз.
2
Босататын түймені басып, ұстараның
қыратын бөлігін ашыңыз.
3
Ұстараның қыратын бөлігін және шаш
жиналатын жерін ағын су астында біраз
уақыт бойы шайыңыз.
, Ұстараның ішін де, сыртын да тазалаңыз.
4
Ұстараның қыратын бөлігін жауып, артық
суды сілкіп жіберіңіз.
Ұстараның қыратын бөлігін сүлгімен немесе
шүберекпен сүртпеңіз, себебі бұл қыратын
бастарға зақым келтіруі мүмкін.
5
Ұстараның қыратын бөлігін қайтадан ашып,
кепкенше солай ашық қалдырыңыз.
Сонымен бірге, шаш жиналатын жерді сусыз, тек
қосымша бөлшек ретінде берілген қылшықпен де
тазалауыңызға болады.
ҚазаҚша
81