Автоматты Түрде Стерильдеу Және Құрғату - Philips AVENT SCF293 Manual

Hide thumbs Also See for AVENT SCF293:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
6
Қақпақты алып тастаңыз.
Қақпақты құрылғы суығаннан кейін ғана ашыңыз.
Абай болыңыз. Стерилизатордан ыстық бу шығуы мүмкін.
7
Себеттен бөтелкелер мен басқа да заттарды алып тастаңыз. Кішкентай
заттарды алып тастау үшін қыстырғыштарды пайдаланыңыз.
Абай болыңыз. Стерильденген заттар әлі де ыстық болуы мүмкін.
Ескертпе: стерильденген заттарды ұстау үшін алдымен қолдарыңызды жақсылап
жуыңыз.
8
Құрылғыны ток көзінен ажыратып, суығанша күте тұрыңыз.
9
Кішкене себетті және үлкен себетті алып тастаңыз.
Ескертпе: үлкен себетті алғанда, негіздің түпқоймасында судың қалатынын
ескеріңіз.
Ескертпе: түпқойма сүт немесе тамақ қалдықтарын ұстауға және олардың су
резервуарына кіруіне жол бермеуге арналған. Бұл стерильдеу жұмысын
оңтайландыру және қыздыру элементін тазартуды жеңілдетуге арналған.
10
Төменгі тақтаны үлкен себеттен алып тастаңыз. Үлкен себеттің
түпқоймасынан қалған суды төгіп тастаңыз және оны тазалаңыз («Тазалау»
бөлімін қараңыз).
11
Ыдыста қалған суды су резервуарынан төгіп кептіріңіз.
Ескертпе: құрылғы стерильдеу циклінен кейін 10 минут бойы жұмыс істемейді.
Оны алдымен суытып алу қажет.
Автоматты түрде стерильдеу және құрғату
1
Суды тікелей негіздің су резервуарына құйыңыз («Алғаш пайдаланар
алдында» бөлімін қараңыз).
2
Стерилизаторды құрастырып («Стерилизаторды құрастыру» бөлімін қараңыз),
ішіне стерильденетін заттарды салыңыз.
Ескертпе: барлық заттардың толықтай бөлшектенгенін және тиімді түрде
құрғату үшін саңылаулары бар жерін төмен қаратып орналастырғаныңызға көз
жеткізіңіз.
Абай болыңыз. Құрғату басталғанда стерилизатордан ыстық бу шығады.
3
Қақпақпен кішкене немесе үлкен себеттің аузын
жабыңыз.
- Қазақша 97 -

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Avent scf293/00

Table of Contents