30
Қазақша
Автоматты соққы функциясы
Соққыларды үздіксіз ету үшін белсендіру түймесін соққылар жиыны
арасында шамамен бір секунд бойы басып тұрыңыз.
Автоматты түрде сөну функциясы
Бір минут бойы пайдаланылмаған болса, AirFloss құрылғысы
автоматты түрде өшеді.
Тазалау
AirFloss Ultra бітелсе немесе AirFloss ішін тазалау үшін ыдысты жылы
сумен толтырыңыз және ыдыс босағанша белсендіру түймесін
басыңыз.
Ыдыс жуғышта саптаманы, сапты немесе зарядтағышты
тазаламаңыз.
Құралды тазалау үшін тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз. Кейбір
заттардың формуласы немесе күші құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Тұтқа және саптама
1 AirFloss Ultra саптамасын тұтқадан алыңыз. Ішінде қалған
қалдықты кетіру үшін әр пайдаланудан кейін саптаманы (сурет 16)
шайыңыз.
2 Ыдысты ашып, қалдықтарды (сурет 17) шығарып тастау үшін оны
ағын су астында шайыңыз.
Кеңес: Сондай-ақ, ыдысты сүрту және қалған қалдықты кетіру үшін
мақта дәкені пайдалануға болады.
Ескерту: Сапты суға батырмаңыз.
Ескерту: Саптамадан немесе ыдыстан қалдықты кетірмеу
гигиеналық емес жағдайға әкелуі мүмкін.
3 Саптың бүкіл бетін дымқыл шүберекпен (сурет 18) сүртіңіз.
Зарядтағыш
1 Тазаламас бұрын зарядтағышты токтан ажыратыңыз.
2 Зарядтағыштың бүкіл бетін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.